«Зардап шеккендер бар»: Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды
Фото: Instagram/ astanovka98
Астанада автобус Республика даңғылы маңындағы бағанаға соғылды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жолаушылар автобусының алдыңғы әйнегі шағылып кеткенін көруге болады. Бейресми ақпарат бойынша, жүргізуші айналғанда рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған. Оқиға болған жерге жедел жәрдем бригадалары келіп, іске кірісті. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Сонымен қатар нақты не болғаны әлі белгісіз. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер туралы ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау басқармасы жол апатында 10 адамның зардап шеккенін хабарлады. Олардың бірі ауыр жағдайда, дәрігерлер жедел отаға кірісті.
Ал қалған зардап шеккендер қаланың түрлі ауруханаларына жеткізілді. Олардың екеуі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында ем алып жатыр.
Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, ақпан айында Астанада №70 бағыттағы автобуста болған жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті.
Жаңалықтар
- Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаратын алтыншы жеке компания пайда болды
- Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ түрмесінен үндеу жариялады
- ШҚО-да жолдағы бала өліміне қатысты жол-құрылысы ұйымының бас инженері сотталды
- Қытай компаниясы Қазақстандағы кен орнын сатып алып рекордтық дивидендке қарық болды
- Қайын жұртын түгелдей қырып тастаған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- Айыппұлға ашуланған екі жігіт көшедегі камераларды қиратқан
- АҚШ пен Еуропада миллиондаған адам Трампқа қарсы наразылыққа шықты
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды