Заңсыз жүрген Шри-Ланка азаматтары Қазақстаннан шығарылды
Шри-Ланка елінің төрт азаматы иммиграциялық заңнаманы бұзғаны үшін елден шығарылды.
Жас шри-ланкалықтар Орал стансасындағы жедел іздестіру шаралары кезінде табылды. Ер адамдар үшін Қазақстанда болу мерзімі әлдеқашан аяқталған, бірақ олар елден кетуге асығар емес.
— Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушылар 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы аумағына келуге тыйым салу арқылы Қазақстан Республикасының шегінен шығару түріндегі жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Оның айтуынша, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының небәрі үш күнінде көлік полицейлері ізін суытпай 11 қылмыстың ізін ашты. Сондай-ақ 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 40-ы ұсақ бұзақылық, 200-і қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 51-і шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы тіркелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық