«Займ үшін»: Түркістан облысында мүгедек баланы бір топ жігіт пышақтап өлтірді
Фото: instagram/ ruslan_utepbai
Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында мүгедек жігітті бір топ жастар пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Руслан Өтепбайдың сөзінше, 2- топтағы мүгедектігі бар 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 жерінен пышақтап кеткен. Оқиға 20 ақпан күні болған. Ал Жасұланның мәйітін ауыл шопаны араға екі күн салып, 22 ақпан күні байқап, полицияға хабар берген екен.
«Қылмыс болмай тұрып Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 мыңдай займ алдырған. Ең сорақасы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды», деп жазды ол.
Ал марқұмның анасы ұлын өлтіргендердің жазалануын талап етіп отыр.
«Менің ұлымды одан 4-5 жас үлкен жігіттер 14-15 жерінен пышақтап, аяусыз, жауыздықпен өлтірген. Ішіп-шегіп алған балалар. Айдалаға апарып тастап, өздері дым болмағандай көліктеріне қыздарды салып жүрген. 2 жігіт моншадан шыққаннан кейін ұлыма, «займыңды төлеп береміз» деп алдап алып кеткен» - дейді марқұмның анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық