Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған экс-шенеунік сотталды
Фото: Видеодан кадр
Былтыр ақпан айында Шымкент әкімдігінде өткен жиналыс барысында антикор қызметкерлері экс-шенеунікті ұстаған видео тараған еді. Экс-шенеунік ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұрғын үй басқармасының бұрынғы басшысының міндетін атқарушы Шымкенттегі 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.
«2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Cондай-ақ өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды», - деді Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, жиналыс барысында әкім Ғабит Сыздықбеков мұндай қызметкерлер әкімдікте де бар екенін айтып, бірнеше ай бойы бұл туралы ескерткенін мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық