Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.
Заң қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелеріне зақым келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейді;
Сондай-ақ, үкімет айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын адамдарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін беру қарастырылған. Оларға және олардың отбасы мүшелеріне қоныс аударуға субсидиялар, тұрғын үйді жалдау ақысын, коммуналдық төлемдерді өтеу, экономикалық ұтқырлық сертификаттары түрінде мемлекеттік қолдау түріндегі материалдық көмек көрсетіледі.
«Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасау, бастауыш деңгейде мемлекеттік тілді, Қазақстан Конституциясы негіздерін, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тарихымызды білмеу сияқты Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тартуға және қалпына келтіруге жаңа негіздер қарастырылған» делінген хабарламада.
Қазақстанда көп мәртелік инвесторлық және Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын беретін сұранысқа ие мамандық иелері үшін виза енгізілуде.
Экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар, қылмысты қайталап жасаған, ұйымдасқан топқа (қылмыстық ұйымда) жетекшілік еткен, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыс жасаған, сондай-ақ Қазақстандағы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған және халықаралық шарттар негізінде азаматтығы бар елге берілген адамдардың елге келуіне тыйым салынады.
Заңда халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер қарастырылған.
Жаңалықтар
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады