Үлкендеу кісі: Түркістанда мигранттар зорлықпен өлтірген 16 жасар қыз жайлы жаңа деректер шықты
Фото: Orda.kz
6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында бір қыздың мәйіті табылды. Болжам бойынша 16 жастағы бойжеткен кісі қолынан ажал құшқан. Бұл жайлы «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры оқиға орнында үш адам болғанын айтып мәлімдеме жасаған еді. Ал полиция бір күдіктіні ұстаған.
Orda.kz тілшілері істің мән-жайын анықтау үшін оқиға болған орынға барып қайтты.
Қайғылы оқиғадан кейін Төрткүл ауылында күзет күшейіп, жұрт кешкі жетіден кейін үйден шыға алмай отырғандарын айтты.
Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылында төрт күннен бері маза жоқ. Дәл құрбан айт күні тас жол бойында орналасқан балабақша маңынан студент қыздың мәйіті табылды. Бойжеткен бесінші маусым күні отбасының дүкеніне жұмысқа кетіп, қайта оралмаған екен. Оны іздеуге үй-іші ғана емес, ауыл-аймақ түгел кірісіп, таңғы жетіде әуелі сөндірулі телефонын, кейін сөмкесін, одан кейін мүрдесін тапқан.
«Қайтыс болған соң милициялардың осы жерде қартап тұрғанын көрдім. Осы жерлерді милициялар қоршап тұрғанын көргенмін. Қасына келген жоқпыз. Анау жерден көрдім сыртынан. Ол кезде кезекшілікте емес едім», – деді балабақша күзетшісі.
Қара жамылған отбасы сұхбат бере алмайтынын айтты. Марқұмның бес баланың кенжесі екені белгілі болды. Ол Шымкент қаласында медициналық колледждің бірінші курс студенті болған. 16 жастағы қыз дәл сол күні қаладан келіп, қолғабыс етуге дүкенге жұмысқа шығыпты.
«Менің жүрегім аузыма тығылды. Қан қысымым көтеріліп кетті. Қаршадайынан көріп өскен қыз ғой... көз алдымызда... Енді жетіліп келе жатқан қыз ғой. Ішіміз ашиды, әрине. Қызымыз ғой. Қандай жағдай болғанын білмейміз. Әйтеуір естіп жатырмыз өлтіріп кетті дегенді. Күзет күшейді деп жатыр. Жақсы жұмыс істеп жатыр. Іздеу салынып жатыр. Кешке қарай шығуға тыйым салып жатыр. Ішіміз ашығанда енді, айтпаңыз. Бір мүшеміз жұлынғандай болып жатыр. Қызға тиіскен кісі ме? Шатаспасам үш айдан асты-ау деймін бұл жақта жүргеніне. Оның алдында да келіп жүретін бірақ... Өзбектер бұл жерде нан жабатын, самса пісіретін. Жеке жүреді. Естуім бойынша біреу. Үлкендеу кісі ғой», – деді жаға ұстаған ауыл тұрғындары.
Күдікті де алыстан келмеген. Ол дүкен маңындағы наубайхана жұмысшысы. Тұрғындардың сөзінше Өзбекстан азаматы Төрткүлде араға бірнеше ай салып келіп тұрған.
«Бір жас қыздың мәйіті табылған. Қазіргі таңда ол іспен құзырлы органдар айналысып жатыр. Ол қыз енді Төрткүлдің қызы. Медколледжде Шымкентте бірінші курста оқиды. Күдікті ретінде кім ұсталғанын біле алмаймыз. Бір адам ұсталды. Күнделікті кешкісін патрульдік қызметтер жүріп жатыр. Дүкендерді қадағалап жатыр қазір. Кафелерді қадағалап, қатаң түрде жұмыс жүріп жатыр», – деді Нұрлан Сапаров Төрткүл ауылдық округінің әкімі.
Қазір бұл қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Осылай деп мәлімдеген полиция департаменті күдіктінің қай бап бойынша жауапқа тартылғанын жариялаған жоқ.
Еске салар болсақ, Orda.kz редакциясы осы оқиғаға байланысты тың деректерді жариялаған еді. Orda.kz тілшілеріне «НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Таңсәрі күдіктілердің үшеу болғаны жайлы дерек барын, әзір полиция ешқандай ақпарат бермей отырғанын айтты. Олардың ақпаратына қарасақ, екеуі зорлаған, үшіншісі қарап тұрған, бірақ ешкімге хабар бермеген. Мәселе де осы үшіншісі еш әрекет етпеген.
Қазір жұрт ең алдымен қылмыс жасағандардың Өзбекстан азаматтары екеніне алаңдап отыр. Ал құзырлы органдар бұл ұлтаралық жанжалға алып келуі мүмкін деп қорқады. Дина Таңсәрінің тағы бір мәселе ретінде бәрінің бұл жағдайдың миграциялық полицияның салғырттығынан болғанын әңгімелеп жатқанын айтты. Ал облыстық департаментінің басшысы қызмет бабында жоғарылауға дайындалып жүрген екен, енді осы оқиға соған кедергі болуы мүмкін екенін тұрғындар айтып жүр. Дина Таңсәрі сол себепті бұл жағдайды жауып, жасырып қалуға тырысып жатуы мүмкін деп отыр.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық