Полиция жасырып отыр: Түркістан облысында мигранттар 16 жасар қызды зорлап, өлтіріп кетті
Фото: Нейрондық желі арқылы жасалды
«НеМолчиKZ» қоғамдық қоры Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кеткені жайлы ақпарат жариялады. Ал полицияның ресми ақпаратына қарасақ, бір күдікті ұсталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыздың мәйіті 6 маусым күні таңертең табылған. «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, күдіктілер еңбек мигранттары болуы мүмкін.
«Әзірге 16 жастағы қыздың отбасылық дүкенде жұмыс істегені белгілі. Ол үйіне қайтып бара жатқанда бір топ еңбек мигранттары ұстап әкетіп, зорлаған», – деп жазды қордың мүшелері.
Осы оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында бір қыздың мәйіті табылды. Ол — колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауда ұстайды», – деп жазды полиция басқармасы.
Полиция бір күдіктіні ұстағандарын мәлімдегеннен кейін Orda.kz тілшісі Дина Таңсәріге хабарласып, осы ақпарат жайлы сұрастырды. Оның болжауынша бұл ақпаратты ұлт араздық болмауы үшін және шені енді жоғарылайын деген полиция қызметкерлері шу тудырмайын деп жасырып отыр.
«Қылмысқа қатысы бар нақты үш адамның болғаны белгілі. Қыз бала ата-анасымен бірге дүкенде жұмыс істеген екен. Бұл жағдай Шерзаттың оқиғасына ұқсайды. Онда да 11-сынып оқушысы дүкенде жұмыс істеген. Осы ауылда өзбек ұлтының өкілдері нақтырақ айтсақ, Өзбекстан азаматтары самса мен нан пісіріп сататын басқа бір дүкенде жұмыс істеген. Екі дүкен бір-біріне жақын орналасқан. Адамдардың айтуынша, сол өзбек жігіттері үнемі әлгі қызды мазалап, тиісіп жүрген. Қайғылы жағдай дәл қасиетті түндердің бірінде болған. Сол күні қыз бала дүкенде жалғыз қалған. Сағат 11 шамасында үйіне қайтып бара жатқан, себебі ата-анасы үйде болмаған, бір жаққа кеткен. Сол кезде әлгі екеуі оған шабуыл жасап, зорлаған», – деді Дина Таңсәрі.
Дина Таңсәрі қызды аяусыз зорлағандары жайлы ақпараттың қорға келіп түскенін мәлімдеді. Оның сөзінше күдіктілердің біреуі қашып бара жатқанда шекарадан ұсталған.
«Айтуынша, аяусыз зорлаған. Қыздың сүйектеріне дейін сынған көрінеді. Нақты қандай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Біреулер оның денесі тістелген десе, енді біреулер бірнеше жері сынған деп отыр. Жалпы айтқанда, оны аса қатыгездікпен зорлап, кейін ауылдағы балабақша жанына тастап кеткен. Ол жер жол бойында орналасқан, бұл ауыл үлкен тас жолдың бойында. Шымкенттен өтетін жол осы ауылды жанай орналасқан. Кейін олар қайтып келіп, қыздың тамағын кесіп кеткен дейді. Олар қашып кетпек болған. Біреуін шекарада ұстаған», – деді Дина Таңсәрі.
«НеМолчиKZ» қоғамдық қорына жазғандардың бәрі дерлік күдіктілердің үшеу болғанын айтады. Олардың ақпаратына қарасақ, екеуі зорлаған, үшіншісі қарап тұрған, бірақ ешкімге хабар бермеген. Оқиғаны көре тұрып үшіншісі еш әрекет етпеген.
Қазір жұрт ең алдымен қылмыс жасағандардың Өзбекстан азаматтары екеніне алаңдап отыр. Ал құзырлы органдар бұл ұлтаралық жанжалға алып келуі мүмкін деп қорқады. Себебі осы ауылда бұған дейін де 14 жастағы қызды зорлап, өлтірген болатын. Ол кезде күдіктілер – қазақ жігіттері еді. Ол кезде де үлкен резонанс болды.
Дина Таңсәрінің тағы бір мәселе ретінде бәрінің бұл жағдайдың миграциялық полицияның салғырттығынан болғанын әңгімелеп жатқанын айтты. Заң бойынша Өзбекстан азаматтарының Қазақстанда арнайы рұқсатсыз жұмыс істеуге құқығы жоқ. Ал олар бұл жерде заңсыз жұмыс істеп, самса пісіріп сатып отырған. Сондықтан бұл жерде миграциялық полицияға қатысты да сұрақ болуы мүмкін. Әрине, полиция қызметкерлері де лауазымдарына алаңдайды.
Сондай-ақ, Түркістан облыстық департаментінің басшысы қызмет бабында жоғарылауға дайындалып жүрген екен, енді осы оқиға соған кедергі болуы мүмкін екенін тұрғындар айтып жүр. Дина Таңсәрі сол себепті бұл жағдайды жауып, жасырып қалуға тырысып жатуы мүмкін деп отыр. Біріншіден, ұлтаралық жанжалдың алдын алу үшін, екіншіден, өз орындарын сақтау үшін.
«Қазіргі таңда полиция тарапынан ешқандай ресми мәлімет берілген жоқ. Бұл – ел ішіндегі алып-қашпа сөздер мен қауесетті көбейтіп отыр. Ресми дерек болмаған соң, адамдар өз бетінше ақпарат тарата бастайды. Бірі жартылай шындық, бірі – мүлде жалған болуы мүмкін. Сондықтан біз полициядан шұғыл түрде ресми түрде баспасөз баянын таратуды, нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын хабарлауды сұрадық», – деді Дина Таңсәрі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық