«Үкіметтен қолдау таппады»: Аймағамбетов дәрігерлердің қауіпсіздігі туралы мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/ aimagambetov
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрігерлердің соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Асхат Аймағамбетов Қостанай мен Қарағандыда ақ халатты абзал жандарға шабуыл жасалғанын айтып, мұндай жағдайларға заң бойынша шектеу қою керегін ұсынды.
«Жақында медицина қызметкерлеріне қатысты екі ауыр жағдай болды. Мұны жай ғана «кездейсоқтық» деуге болмайды. Бұл дегеніміз тек дәрігерлер үшін емес, әрқайсымыз үшін қауіпті шабуыл. Ең сорақысы, медицина қызметкерлеріне қол көтеру, әсіресе жедел жәрдем мен емхана дәрігерлеріне күш қолдану әдетке айналып барады. Сондықтан оған дереу тоқтау салып, заңмен шектеу қою керек», - деді Асхат Аймағамбетов.
Депутат Қазақстанда медицина қызметкерлері жиі агрессияға тап болатынын айтты. Өзін қауіпсіз сезінбеген дәрігерлер жұмысын тастауға мәжбүр екенін мәлімдеді.
«Біз бұған дейін үш рет Қылмыстық кодекске өзгерістер ұсындық:
• Дәрігерге шабуыл жасаған адамға қатысты бөлек бап, қатаң жаза болуы керек. Бұл жаза полицияға немесе орманшыға шабуыл жасаумен тең болуы тиіс.
• Егер дәрігер соның кесірінен жұмысқа жарамай қалса, кінәлі адам моральдық та, материалдық та өтемақы төлеуі керек. Қажет болса- өмір бойытөлесін» деп жазды ол.
Аймағамбетовтың айтуынша, осы күнге дейін бұл бастамалар үкімет тарапынан қолдау таппаған. Мәжіліс депутаты дәрігерлерді кәсіби тәуекелдерден міндетті сақтандыруды кеңейту шаралары да қарастырылып жатқанын айтты.
«Осы күзде аталған заң бойынша тиімді шешім қабылданады деп сенемін», - деді депутат.
Айта кетейік, кеше, 21 шілде күні науқастардың бірі шабуыл жасаған Қостанай облыстық ауруханасының дәрігері Антон Кистанов жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық