Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады: салық бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде берді
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономика дамуының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экономикалық блоктың сарапшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында экономиканы дамыту мәселелері, экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекелдер сөз болды.
Кездесуді аша отырып, Үкімет басшысы негізгі басымдық – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Олжас Бектенов жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау, сараптамалық пікірлер мен ұсыныс мақсатында мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
Еске салсақ, Halyk Finance сарапшылары экономиканың әлсіз тұстарын атаған болатын. Сарапшы еліміз шикізатқа тәуелділік және технологиялық дамудың төмендігіна назар аударған еді.
Кездесу барысында сарапшылар қауымдастығының өкілдері экономикалық өсудің негізгі мәселелері мен бағыттарына қатысты өз бағаларын ұсынды. Сонымен қатар, жаһандық үдерістер мен әлемдік экономикалық ахуалдың әсерін ескере отырып, ұлттық экономиканың даму қарқынына қатысты болжамдарымен бөлісті. Салалық жаңғыртудың басым бағыттары, нарықтың өзекті сұраныстары және олармен байланысты технологиялық бастамаларды үйлестіру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Инфляциямен күресу шаралары, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, жасанды интеллектті дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
Салық реформасын талқылау барысында өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Негізгі қарыз сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда, салықтар бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Кездесудің негізгі практикалық шешімі ретінде екі мәселені атап айтуға болады. Оны біріншісі - егер салық төлеуші қарыздың негізгі сомасын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтесе, салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Сондай-ақ үкімет ҚҚС бойынша өтпелі кезеңді растады, есепке қою шегінен асып кеткен компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болды.
Еске салсақ, 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3 % болды. 11 өңірде оң динамика байқалса, Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалды. Осыған байланысты Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойған болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- «Құпия қоңырау»: Премьер-министр Бектенов үкімет отырысы кезінде аяқ астынан шығып кетті
- Үкімет Арқалықты құтқару үшін 250 млн теңге бөлді
- Тоқаев үкімет отырысында әкімдерді енді қалай бағалайтынын айтты
- Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық