Құқық қорғаушы: Семейде 103-ке хабарласқандар мен жауап алынғандар жаппай полицияға шақыртылып жатыр
ШҚО-дағы Семей қаласының ІІБ. Фото: ашық дерек
Құқық қорғау ұйымдары альянсы мен Адам құқығы жөніндегі халықаралық бюросының Семей қаласындағы өкілі Роллан Машпиев редакция тілшісіне 103-ке хабарласқан және полицияда жауап алуда болған тұрғындардың жаппай полицияға шақыртылып жатқанын жеткізді.
– 5-8 қаңтар күндері жедел жәрдем қызметіне 103-ке хабарласқан азаматтар мен осыған дейін түрлі себеппен полицияда жауап алынғандар өздерін арнаулы прокурорлар полиция бөлімшесіне шақырып жатқанын айтады. Кейбірінің телефонын, көлік кілтін, басқа да құжаттарын алып қалған. Соны алып кетуге шақырылғандар бар. Алайда жергілікті халық полицияның азаптауынан қатты үрейленіп қалған. Олар баруға қорқамыз дейді. Таяқ жеп, аяусыз сабалған соң қайта қысым көреміз бе деп тартынады, – деді Машпиев.
Өңір координаторының айтуынша, полициядан үркіп қалған кей азаматтар қаладан ауылына, басқа өңірлерге кетіп жатыр. «Кірсек, қайта шықпай қаламыз ба, басқа айып іліп жібере ме деп қорқады». Маман полицияға шақыртылғандарға Антикорға жүгінуге кеңес берген.
Арнаулы прокурорлар азаматтарды прокуратура ғимаратына емес, Затон аудандық полиция бөлімшесіне шақыру себебі белгісіз.
Семей жұртының қатты үрейленетініндей бар. 11 қаңтарға қараған түні ұсталған 26 жастағы геолог Елдос Қалиевтің келесі күні азаптау белгілерімен өлтірілгені белгілі болған. Сондай-ақ, 6 қаңтарда ұсталып, 17 қаңтарда уақытша тергеу изоляторында қаза тапқан 36 жастағы Жандос Жотабаевтың туыстары марқұмның 11 қабырғасы сынғанын, өкпесінен бір литр сұйық зат табылғанын айтады. Екеуіне ортақ белгі – денесінің көп бөлігі көгерген, қабыну іздері бар. Алғашында ІІМ мен жергілікті полиция өкілдері жоққа шығарған екі өлім жағдайы бойынша редакция зерттету жүргізіп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары Асқат Битинбаев Orda сұрауына берген жауабына қарағанда, екі азаматтың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлімінің 1-тармағымен («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану арқылы ауыр зардаптарға әкеп соғу») іс қозғалған. Бұл жөнінде Семей қаласының прокуроры Саид Аймұқан құқық қорғаушы Ерлан Қалиевке берген мәліметінде растаған.
Қазір қамауда отырған 35 адамның туыстары қоғамдық қабылдауға келіп, арыз түсірген. Семей қаласында 64 адам қамалған. Азаптау фактісіне байланысты түскен кемі 30 арыздың небәрі төртеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық