СІМ: Ресейлік Wildberries Қазақстанда 30 жылға салықтан босатуды талап етті
Ресейлік Wildberries интернет-дүкені Қазақстанда жұмыс істеу үшін 30 жылға салықтан босатуды талап етті, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.
Сондай-ақ компания қоймалар салуға көмек көрсетуді де талап еткен.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр қазақстандық тарап компанияның бас кеңселерімен елде өз филиалдарын ашу үшін тікелей келіссөздер жүргізіп жатқанын баса айтты. Дегенмен, оның айтуынша, қандай да бір брендтің келуі Қазақстан үшін әрқашан тиімді немесе басымдық бола бермейді.
— Біз келіспейтін шарттарды талап ететін брендтер бар. Мысалы, Wildberries, біз олармен бірнеше жыл бойы әртүрлі деңгейде келіссөздер жүргізіп келеміз, олар түрлі пікір айтады. Бірақ алғашқы келіссөздерде Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, сонымен қатар қоймалар салуға көмектесуді талап етті. Әрине, біз мұндай шарттарға келіспедік. Біз: жалпы шарттармен жұмыс істеу керек деп айтамыз. Неге біз оларға тегін қоймалар саламыз? 30 жыл бойы шетелдік компанияны салықтан босатамыз? Ал біздің басқа отандық компаниялар ше? – дейді Алмас Айдаров.
Вице-министрдің айтуынша, осы себепті Wildberries компаниясының Қазақстанда ірі қоймалары жоқ.
Дәл осындай жағдай IKEA жиһаздарын сататын голландиялық компанияда да бар, деп қосты Алмас Айдаров. Компания қазақстандық нарықты бірнеше рет қарастырған, бірақ Ресейдегі активтерінен бас тарту туралы әлі шешім қабылдаған жоқ, өйткені ол жақта көптеген алаңдарды сатып алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық