WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
Фото: Спортшының парақшасынан
Дүниежүзілік бокс ұйымы — WBO қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының титулы бойынша ресми мәлімдеме жасады. Бұған дейін ол басқа салмақ дәрежесіне өтетінін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Orda.kz.
WBO әлеуметтік желідегі X парақшасында ресми қаулысын жариялады. Ұйым Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы WBO әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқанын растады. Осыған байланысты уақытша чемпион болған Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы мәртебесіне көтерілді.
«Дензел Бентли WBO-ның орта салмақтағы уақытша чемпионы мәртебесінен ресми түрде толыққанды әлем чемпионы дәрежесіне көтеріледі және бұл мәртебеге тиесілі барлық құқықтарға, артықшылықтарға, міндеттер мен өкілеттіктерге ие болады» деп жазылған ұйымның чемпиондық комитеті шешімінде.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы тарапынан жаңа салмақ дәрежесіне ауысатыны туралы ресми хабарлама биылғы жылдың 13 шілдесінде жолданғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін WBO басшысы Густаво Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы титулдан бас тартып, суперорта салмаққа өтетінін айтқан болатын.
Бұл ақпаратты спортшының өзі де растады. Сонымен қатар Жәнібек жаңа салмақ дәрежесіне байланысты Сауль Альвареске үндеу жасады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық