Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді
Фото: Instagram / Жәнібек Әлімханұлы
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәнібек Әлімханұлы 7 желтоқсан күнгі жекпе-жек алдында допинг тестінен өте алмады. Дүниежүзілік бокс ұйымы допингке қарсы қауымдастықтан орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлының талдау нәтижесі дұрыс болмай шыққаны жөнінде мәлімет келгенін хабарлады.
Ал Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестке қатысты өз ойын айтып, өзінің таза спортты қолдайтынын ашық айтты. Оның айтуынша, бірінші тест бәрін таза деп көрсеткен. Қазір екінші тестке қатысты жауапты күтіп отыр.
«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып, таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші сараптамада неге бұлай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз» деп жазды боксшы желідегі парақшасында.
WBO Жәнібек Әлімханұлының VADA тест сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын растап, ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық