«Видеосын таратқан»: Жетім қызды зорлаған оқушылардың арасында қыздар да бар
Коллажды жасанды зерде жасады
Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы жантүршігерлік жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында бір топ оқушы жетім қызды жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеп, оны бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желідегі топтарға таратқан. Қазір бұл оқиға бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 124-бабы («жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып, жәбірленуші қыздың асыраушысы мен мектеп директорынан оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
Оқиға 13 қазан күні Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Оқушылар арасында бірін-бірі жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, оны бейнежазбаға түсірген оқушылар бейнежазбаны Telegram-арнасындағы анайы топтарға салған.
7, 8, 9-сынып оқушылары не ойын, не зорлық екені белгісіз жаға ұстатарлық жайтты бейнежазбаға түсірген.
Бейнежазбада қызы бар, ұлы бар бірнеше жасөспірім қызды жатқызып, үстіне шығып анайы қылық көрсеткен. Үстіне шыққан жеткіншектің жасы 10-да. Оның да бейәдеп қылықты барынша көрсеткен жері жоқ, жан-жағындағы қаумалағандардың айтқанын істеп, көрсеткенін қайталайды.
«13 қазан күні бір ата-ана келіп, ана бейнежазбаны көрсетті. Жағамды ұстадым. Бірден ата-аналарын шақырып, полицияға хабарластым. Екі ата-ана келді, ал жәбір көрдім деген қыздың асыраушысы Талғарда жұмыс істейтін кісі, ол түнгі сағат онда келді», — дейді № 3 мектеп директоры Гүлзар Сераждинова.
Бұл оқиға жөнінде күдікті деп танылған балалардың ата-аналары хабардар болған. Дәл сол күні полиция пунктінде кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын полициямен қоса прокуратураға да хабарлама жасалған.
«Ұялы телефондарын тексергенде балалардың бұрыннан араласатындары белгілі болған. Олар бір көшенің бойында тұратын бұрыннан дос балалар. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, криминалдық полиция, прокуратура келді. Сол жерде Қылмыстық Кодекстің 124-бабы бойынша іс қозғалды», — дейді мектеп директоры.
Сорақысы сол, бейнежазба Telegram әлеуметтік желісіндегі тыйым салынған арналарға салынған. Қазір балалар оқитын мектептің мазасы кеткен.
«Мен видеоны салған қыздан сұрадым: «Айналайын, видеоны қандай желіге салдыңдар, көрсетші» дедім. Telegram-да «ұятты каналдар» деген бар екен. Бұл жерде әркім ойына келген кез келген бейнежазбаны сала береді екен. Ал жәбірленуші қыз ол бейнежазбаның жарияланғанын білмеген. Мен қыздан: «не болды?» деп сұрағанда, ол: «мені зорлаған жоқ» деп айтты», — дейді директор.
Жәбір көрген оқушының анасы 2023 жылы жол апатынан қайтыс болған. Қазір ол нағашы әпкесінің қамқорлығында. Осы жағдай болғанда қамқоршысы мүлде хабарсыз болып шыққан.
«Баланың көңіл-күйі қалыпты. Жеке өзіме айтқаны: «Мені ешкім зорлаған жоқ. Ол кішкентай бала ғой, қалай зорлайды?» деді. Не үшін бұлай істегенін сол күйі түсінбедік. Күдікті деп танылған екі баланың ата-анасы ғана өз балаларының кінәсін мойындап жатыр», — дейді Гүлзар Сераждинова.
Бейәдеп әрекет жасаған балалар өз істерін мойындамаған. «Ең қиыны — балалар өз әрекеттерінің мәнін толық түсіне қойған жоқ» дейді мұғалімдер.
Мұғалімдері жәбір көрген оқушы сабақ үлгерімі орташа болғанымен, ашық-жарқын, кез келген адаммен тез тіл табысып кететін, жатты да жақын тартатын оқушы екенін айтты.
Мектеп директорының айтуынша, бейәдеп әрекетті 4 қыз, 4 ұл істеген. Сонда жалпы 8 бала.
Ал балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысында жетім қызға топтасып зорлық көрсеткен 7 баланың жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Сонда қалған бір бала қайда? Бұл ақпарат әзірге беймәлім.
Асыраушысы Арзыгүлден оқиғаның мән-жайын білмек болып, Orda.kz тілшісі жәбірленушінің үйіне барды. Алайда ол кісі оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын айтып, басқа сұрақтарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.
«Қазір бәлен деп ешнәрсе айта алмаймын. «Мынау кінәлі» деп те біреудің баласын көрсете алмаймын. Болған іс болды. Шулап жатыр, айтып жатыр. Күлгендердің басына берсін. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соншама дабыра етіп, шулатып жіберді. Олай істеудің қажеті жоқ еді. Қазір экспертиза жүріп жатыр, басқа ешнәрсе айта алмаймын», — дейді жәбірленуші қыздың қамқоршысы Арзыгүл.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы облысында оқушылар 7-сыныпта оқитын жетім қызды зорлап, видеосын сатқаны туралы сұмдық ақпарат тараған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық