Вашингтонда Мұхтар Мағауиннің жылдық асы өтті
Фото: әлеуметтік желіден
Вашингтонда Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жылдық асы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы АҚШ-тағы қазақ Сапарбек Нағашыбеков Facebook парақшасында мәлімдеді.
Kazakh American Association өкілдері Мұхтар Мағауиннің қабіріне зиярат етіп, Құран бағыштаған. Одан кейін жазушының ұлы Едігенің шаңырағына барып, асқа қатысқан.
«Осы аста Мұхтар атамызды еске алып, тағылымды, өнегелі әңгімелер айтылды. Мұхтар Мағауинді тек қазақтар ғана емес, Түркі-Тұран әлемі, қырғыздар, орыстар, немістер де жоғары бағалап, зор құрметтейді екен. Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Ол — Вашингтондағы қазақтардың асқар тауы еді. Атамызды сағындық. Жатқан жері жарық, жаны жәннатта болсын. Мұхтар Мағауин атамыздың қабірін зиярат етеміз деген ағайын google карта мен осы жерге баруға болады» деп жазды Сапарбек Нағашыбеков.
Айта кетейік, Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында 9 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы үйінде қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық