Ұшақ апатынан мерт болған ержүрек бортсерік туралы фильм түсіріледі
Фото: Reports
Әзірбайжанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде жолаушыларға нұсқау беріп, сабыр сақтауға шақырған бортсерік Хёкюма Алиева туралы фильм түсіріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, сценарист Зия Шихлинский жаңа фильм түсіруге дайындалып жатыр.
Апаттан аман қалғандар дәл осы қыздың батылдығын атап өтіп, соңғы сәттерде тәртіп пен байсалдылық сақтау үшін барын салғанын айтқан еді.
Хёкюма Алиева 1991 жылы Кяльбаджар ауданында дүниеге келген. Тұрмыста, баласы жоқ. Бортсеріктің анасы қызының ерлігін, батырлығын айтып, көзіне жас алды. Ал Хёкюма Алиеваны әкесі соңғы сапарға шығарып салған еді.
Еске салайық, апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Германияның ең ірі ұлттық авиатасымалдаушысы Lufthansa қызметкерлерінің ереуілі үдей түсті
- Хиллари Клинтон: Трамп «мүлдем алжи бастады»
- Астанада Абай даңғылының бір бөлігі 20 сәуірге дейін жабылады
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанәбіловтің сот алдындағы сөзі
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды