Баллон жарылды: Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты соңғы деректер
Фото: Ақтау әкімдігі
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендер саны 29 адамға жетті, олардың ішінде екі бала бар. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы берді, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
ҚР көлік министрлігі дерегіне қарасақ ұшақта 62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ құлаған жерден 4 адамның мәйіті табылды.
Маңғыстау әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұшақта болған 67 адамның 29- аман, бірақ зердап шеккен 27 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Басқарма өкілдері апат кезінде ұшақ бортында жарылыс болғанын хабарлады.
«2024 жылғы 25 желтоқсанда, шамамен 10:58-де Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ бортында баллон жарылып, 14 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар», деп мәлімдеді басқарма.
Оқиға орнына көмек көрсету үшін 22 жедел жәрдем бригадасы мен апат медицинасы орталығының алты бригадасы жіберілді.
«Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек-орын, сондай-ақ 10 реанимациялық орын дайындалды. Балалар ауруханасында 20 төсек-орын мен 10 реанимациялық орын ашылды»,
– деп толықтырды басқарма өкілдері.
Қазіргі уақытта ауруханаға 27 адам жеткізілді, олардың 11-і ауыр халде реанимация бөліміне ауыстырылған.
Сонымен қатар, 11 жастағы бала мен 16 жастағы жасөспірім де ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер мен құтқарушылар зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық