Тәліптер Ауғанстанда желіні толығымен өшірді
Фото: Pixabay
Ауғанстан билігін өз қолдарына алған тәліптер елде желіні толығымен өшіріп, барлық байланыс арналарының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
NetBlocks веб-мониторинг қызметінің мәліметінше, Кабулда интернет жұмысын тоқтатты. Онымен қоса, ұялы байланыс қызметі тоқтады. Спутниктік теледидар да көрсетілмейді.
Желіге шектеу қою ұшақтардың ұшуына әсер етті. Елорда әуежайында кейбір рейстер тоқтатылды. Жергілікті кәсіпкерлер осындай жағдай жалғаса берсе, үлкен шығынға тап болатынын айтты.
Ал тәліптер бұл шешімдерін «азғындықпен күресу» деп түсіндірді.
1TV телеарнасының бұрынғы бас редакторы Хамид Хайдари:
«Ауғанстан тіпті КХДР-ны басып озып, желіні өшіру бойынша ресми көшбасшы болды», — деп жазды.
Айта кетейік, Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық