Ұлттық қордан балаларға 2025 жылы төленетін төлемдер қашан түседі
Коллаж: ЖИ көмегімен жасалды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылға арналған қаражаттың балалардың шоттарына қашан түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаражат 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады. Алайда төлем мөлшері әзірге жарияланған жоқ.
«2025 жылғы есепті кезең үшін мақсатты талаптар, сондай-ақ инвестициялық табыс мақсатты талаптарға қатысушыларға 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей есептеледі.
Сондай-ақ 2008 жылы туған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың мақсатты жинақтары да олардың мақсатты жинақтау шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей аударылады» деп жазылған БЖЗҚ-ның ақпараттық хабарламасында.
Қор өкілдері мақсатты талаптарға қатысушылар деп 18 жасқа толмаған, мақсатты талаптарға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары саналатынын еске салды.
Электрондық тізім жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде мемлекеттік «Жеке тұлғалар» деректер базасынан (ЖТ ДБ) алынған мәліметтер негізінде, 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қалыптастырылады.
БЖЗҚ баспасөз қызметі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2024 жылғы 1 ақпаннан бері мақсатты жинақтарды алу жөніндегі 205 505 өтініштің орындалғанын хабарлады. Жалпы сомасы 31,61 млн АҚШ долларынан асатын қаражат уәкілетті операторларға азаматтардың — 18 жасқа толған өтініш берушілердің банктік шоттарына кейіннен аудару үшін жіберілген.
Оның ішінде:
- 127 445 өтініш (19,69 млн АҚШ доллары) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында;
- 78 060 өтініш (11,92 млн АҚШ доллары) білім беру ақысын төлеу мақсатында орындалған.
2025 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушыларына 129,38 АҚШ доллары, яғни ағымдағы бағам бойынша 67 036,95 теңге есептелген болатын.
Еске салайық, Қазақстанда «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы 2024 жылы ресми түрде іске қосылды.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық