Украинаға келген НАТО-ның жаңа бас хатшысы Марк Рютте Зеленскиймен кездесті
Фото: Telegram / Зеленский
Нидерландтың бұрынғы премьер-министрі 1 қазанда НАТО-ның бас хатшысы қызметіне кірісті. Ал екі күннен кейін Киевке барды, деп хабарлайды Orda.kz.
УНИАН ақпарат агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Марк Рютте президент Владимир Зеленскиймен кездесуде Украина елінің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу мәселесін талқылады. Президент Украина НАТО-ның 33-ші мүшесі бола алатынын атап өтті.
«Бұл өте маңызды қадам. Бұл мақсатқа жету қиын. Бірақ біз осы мақсатқа қол жеткізуге бар күшімізді саламыз», — деді Владимир Зеленский.
Екінші маңызды мәселе ретінде Зеленский елді қару-жарақпен қамтамасыз ету жайын атады. Бұл мәселе 9–11 шілдеде өткен НАТО саммитінде шешілген болатын.
«Ең алдымен, әңгіме Patriot және STAMP-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жайлы болып отыр. Біз саммитте уәде етілген және қосымша жүйелерді алу уақытын жақындатқалы жатырмыз», — деп атап өтті Владимир Зеленский.
Зеленскийдің пікірінше, НАТО-ның жаңа бас хатшысының Украинаға жасаған сапары альянстың бұл елге дос әрі одақтас ретінде ерекше мән беріп отырғанын көрсетеді. Айта кетсек, Марк Рютте Украинаға бесінші рет келіп отыр. 2022 жылы басталған Ресей-Украина соғысынан бері ол Харьков, Одесса және Киевке төрт рет сапар жасаған.
Еске сала кетсек, Orda.kz НАТО-ның бас хатшысы ауысқаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық