«Украинаның егемен ел болуын қамтамасыз етуіміз керек»: НАТО-ның бас хатшысы ауысты
Фото: НАТО
НАТО-ның жаңа бас хатшысы болып Нидерландтың бұрынғы премьер-министрі Марк Рютте тағайындалды. Бас хатшы қызметін тапсыру рәсімі бүгін Брюссельде, альянстың штаб-пәтерінде өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Рюттенің НАТО-ның бас хатшысы болып Йенс Столтенбергтің орнына келетіні туралы хабар осы жазда белгілі болған еді. Столтенберг бас хатшы ретіндегі соңғы халықаралық шара ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысқан болатын.
«Альянстан құбылмалы көңіл күймен кетіп бара жатқанымды мойындауым керек. Уақыт келді. Орныма тамаша ізбасар келеді, бірақ мен он жыл қызмет еткен альянс пен ұйымнан кету қиын», — деді Столтенберг бас хатшының салтанатты рәсімінде.
Өз кезегінде Марк Рютте альянстың беріктігін сақтап қалу үшін бар күшін салатынын айтты. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Украинаны да атап өтті.
«Украинаның егемен, тәуелсіз және демократиялық мемлекет болып қалуын қамтамасыз етуіміз керек», — деді НАТО-ның жаңа бас хатшысы.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды