Украинаға қатысты бейбіт жоспар түпкілікті емес — Трамп
Фото: Ақ үй
АҚШ президентінің айтуынша, оның ұсынып отырған бейбіт жоспары Украинадағы соғысты аяқтауға арналған соңғы нұсқа емес, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ол Ақ үй маңында журналистерге мәлімдеді.
«Мен бейбітшілікке қол жеткізгім келеді. Біз мұны тоқтатуға тырысып жатырмыз. Қалай болғанда да бұны шешіп, нүктесін қоюымыз керек», —деді Трамп.
Осы уақытта Еуропа көшбасшылары Оңтүстік Африкада өткен G20 саммитінде құжатты қарап, америкалық бастамаға елеулі түзетулер енгізу қажет екенін мәлімдеді.
«Біз шекара күш қолдану арқылы өзгермеуі тиіс деген қағидатты берік ұстанамыз. Сондай-ақ Украина қарулы күштеріне қатысты ұсынылып отырған шектеулер бізді алаңдатады, өйткені ол елді болашақтағы шабуылдарға осал етуі мүмкін» деп жазылған Еуропа елдері, Канада және Жапония басшыларының бірлескен мәлімдемесінде.
Сонымен қатар жаңа бейбіт жоспар жөніндегі келіссөздер 23 қарашада Женевада кеңейтілген құрамда өтетіні белгілі болды: Украина, АҚШ, Британия, Франция және Германия. Бұл туралы AFP агенттігі жазады.
АҚШ делегациясы құрлық әскері министрі Дэн Дрисколлдың бастауымен Женеваға барды. Жексенбі күні оларға мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф қосылады, деп хабарлады CNN.
Еске алсақ, сөзіне ісі сай келмейтін, айтқан сөзінен бір ұйықтап тұрып айни салатын Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық