Трамп Нью-Йорк мэріне өзін «фашист» деп атауға жұрт көзінше рұқсат берді
Фото: Бейнеден скриншот
Дональд Трамп жақында сайланған Нью-Йорк мэрі Зохрана Мамданиді Ақ үйдің сопақша кабинетінде қабылдады. Бұған дейін де екі саясаткер де бір-бірін жақтырып тұрғаны шамалы еді, дегенмен кездесу журналистер күтпеген жағымды жағдайда өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп ізгі ниеттегі адамның кейпін танытты. Одан Нью-Йоркте Мамдани мэр болған жаңалықты қалай қабылдағанын сұрағанда, ол:
«Иә! Біз қолайлылыққа қол жеткізу туралы келіспейміз, бірақ мен оған кедергі келтірмей, көмектесуге ниеттімін. Мен Нью-Йорктің ұлы болғанын қалаймын. Мен Нью-Йоркті жақсы көремін», - деп жауап берді.
Мамдани өз кезегінде:
«Біздің кездесуіміз кезінде біз көптеген келіспеушіліктерге емес, Нью-Йорк тұрғындарына қызмет ету мақсатына көңіл бөлгенімізді бағалаймын», - деді.
Журналистер Трампқа Мамдани туралы айтқан сөздерін еске түсіргенде, Трамп:
«Біз бәріміз өзгеріп жатырмыз. Мен қатты өзгердім», - деді.
Кездесудің ең көп талқыланған сәті Мамдани өзінің Трамп туралы бұрынғы мәлімдемелерінде президентті «фашист» деп айтқанын еске салып, Трапм бұны растай ма, деген сұрақ болды.
«Қорқатын ештеңе жоқ. Жай ғана «иә» деп айта саламыз. Бұл түсіндіріп жатқаннан оңай. Қарсылығым жоқ, атай берсін», - деп сабырлы жауап берді Трамп.
Брифинг соңында Трамп баспасөздің кездесуге деген қызығушылығын әзілмен:
«Мен әлемнің ірі елдерінің көшбасшыларымен келіссөздер жүргіздім - ешкімнің ісі болған жоқ. Ал дәл осы сәтте сыртта жүздеген адам күтіп тұр. Қандай да бір себептермен баспасөз бұл кездесуге ерекше қызығушылық танытты», - деп қағытып өтті.
Өзін демократиялық социалист деп атаған Мамдани мемлекеттік азық-түлік дүкендері жүйесін құруды жақтайды, азшылық пен иммигранттардың құқықтарын қорғайды, сондай-ақ Израильді сынайды.
Демократиялық партиядан сайланған мэр қараша айының басында сайлауда жеңіске жетті. Трамп Мамданиге емес, оның қарсыласы - Демократиялық партия мүшесі Эндрю Куомоға дауыс беруге шақырды.
Ол кезде Трамп Мамданиді коммунист деп атап, Нью-Йоркте жеңіске жетуі мүмкін болса, оны федералдық қаржыландыруды шектейміз деп қорқытты. Ал Мамдани өз кезегінде Трампты деспот және фашист деп атады.
Еске салсақ, 34 жастағы Зохра Мамдани Нью-Йорк мэрі сайлауында жеңіске жетіп, республикашыл Кертис Сливаны және тәуелсіз үміткер, бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны басып озды.
Ол — қаланы басқаратын алғашқы мұсылман. Мамдани Үндістанда дүниеге келген. Кейін отбасы алдымен Оңтүстік Африкаға, содан соң АҚШ-қа қоныс аударған. 2018 жылы ол АҚШ азаматы атанды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық