Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
Бейнежазбадан скриншот
Украинадан оралған қазақстандық журналистер Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоровтың, сондай-ақ олардың операторы Еркебұлан Ғапуовтың ұсталғаны туралы журналист Динара Егеубаева мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Лұқпан Ахмедияров, Рауль Упоров және олардың операторы Еркебұлан Ғапуов Астана әуежайында ұсталды. Олар Украинаға жасаған сапарынан жаңа ғана оралды» деп жазды Егеубаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ахмедияровтың сөзінше, журналистерге оларды «әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты тексеріп жатқанын» айтылған. Себебі олар «Еуропада мен Украинада болған».
«Қызметкердің айтуынша, қазір ҰҚК қызметкері немесе қызметкерлері келеді де, бізді соларға тапсырады. (…) Біз қазір шекаралық паспорттық бақылау кабиналары тұрған аймақта отырмыз. Паспорттарымызды алып қойды. Бізден сәл қашық жерде азаматтық киімдегі адамдар тұр», – деп келтірді олардың сөздерін Егеубаева.
Жағдай туралы Упоровтың өзі де әлеуметтік желідегі парақшасында жазды:
«Астанаға ұшып келгенде шекаралық бақылауда паспорттарымызды алып қойды. Бізді бөлек кабинетке кіргізді».
Кідірістің себебін сұраған Упоровқа «Геосаяси жағдайға байланысты. Сіздер Украинада болғансыздар ғой?» деген жауап берілген.
Оның «Иә, бірақ не болды? Қазақстан Украинамен дипломатиялық қатынасты үзді ме?» деген сұрағына «Ол жақта соғыс жүріп жатыр» деп жауап берген тексеру қызметкері.
Журналист ол жаққа екінші рет барып отырғанын, бірақ мұндай жағдай алғаш рет болып тұрғанын сұрағанда тексеру қызметкері олармен ҰҚК қызметкері әңгіме жүргізуі тиіс екенін айтқан.
Журналистер жағдайдың қалай аяқталарын күтіп отырғандарын мәлімдеген еді.
Артынша Рауль Упоров олардың барлығы босатылғанын хабарлады.
«Біраз отырдық, кейін бізді жіберді. Кешірім сұрап, «осылай болғаны үшін кешіріңіздер» деді. Не болып қалды? Неге бізді ұстады? Ешкім ештеңе түсіндірмеді. Паспорттарымызды қайтарды, жалпы біз кетіп бара жатырмыз» деп жазды Упоров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, былтыр сәуір айында Ахмедьяров ұсталған болатын. Ол өзінің ұсталғанын Батыс Қазақстаннан ер адамдарды Ресейге жұмыс істеуге апарып, кейін оларды Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жарияланымдарымен байланыстырады. Полиция журналистен жауап алған соң оны босатқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық