«Парақшасы жойылып, полиция шақырды»: Журналист Лұқпан Ахмедьяровқа қысым көрсетіліп жатыр
Фото: thevillage
Журналист Лұқпан Ахмедьяров «Просто журналистика» Instagram парақшасының жойылып, орнына жалған парақша пайда болғанын және өзі полицияға шақыртылғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистің айтуынша, жоғалған парақшаның орнына сол логотип орналасқан justjournalism.official деп аталатын аккаунт пайда болған. Ахмедьяров бұл парақшаның өздерінікі емес екенін, өз парақшалары жойылғанын мәлімдеді. Журналист бұл ақпараттық ресурстарға бағытталған шабуыл деп санайды.
Ахмедьяровтың айтуынша, ол күтпеген жерден полицияға шақыртылған. Бірақ тергеушімен кездесуге 10 минут қалғанда тергеуші кездесуден бас тартқан.
Еске салайық, сәуір айында осы журналист ұсталған болатын. Ахмедьяров өзінің ұсталғанын Батыс Қазақстаннан ер адамдарды Ресейге жұмыс істеуге апарып, кейін оларды Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жарияланымдарымен байланыстырады. Полиция журналистен жауап алған соң оны босатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық