Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
Фото: экс-президент мұрағатынан
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді. Бұрынғы президенттің ұстанымы оның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір қызығы, сайтта экс-президент дауыс бергеннен кейін өз пікірін айтқаны көрсетілген. Алайда бұған дейін журналистер Назарбаевтың БАҚ өкілдерәне мойын бұрмай кеткенін айтқан болатын.
Нәтижесінде мынадай хабарлама жарияланды: Қазақстанның тұңғыш президенті жеті жыл бұрын мемлекет басшысы өкілеттігін өз еркімен тапсырғанда, елдің одан әрі тұрақты дамуын және биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету мүддесін басшылыққа алғанын атап өтті.
«Уақыт тоқтамайды. Ұрпақтар алмасады. Әрбір ұрпақ Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Менің ойымша, біздің ұрпақ өз міндетін орындады: тәуелсіздікті жариялады, шекараны айқындады және астананы салды. Қазір Қазақстанды нығайтуды жалғастырып, оның беделін көтеру қажет» деп берілген экс-президенттің сөзі.
Артынша Назарбаевтың баспаөз қызметі оның дауыс бергеннен кейін елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікірініің бейнеажазбасын жариялады. Тұңғыш президент мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.
«Бұл үшін көп жұмыс атқарылып жатыр, соның ішінде бүгінгі референдум да бар, мен оны қолдаймын. Бір кезде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдасына таңдау жасадым және бұл таңдауыммен мәңгі қаламын. Бұл Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың игілігіне қызмет етсін деп тілеймін», – деп, ойын білдірді Назарбаев.
Бүгін таңертең Астанада Нұрсұлтан Назарбаев референдумға келіп, дауыс берді.
Оқи отырыңыз:
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық