ҰҚК статистикасында парақорлық көш бастап тұр
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанда маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлыққа қатысты. Мұндай 97 дерек анықталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеулер аясында 67 адам күдікті деп танылды. Бір ай ішінде тергеушілер 149 қылмыстық істі аяқтап, оның 129-ын сотқа жолдады.
Парақорлықтан бөлек, істерде алаяқтық, ұрлық, қызметтік жалғандық жасау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері де бар.
Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 4,7 млрд теңге деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытқа дейін бюджетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Бұдан бөлек, жедел қызметкерлер жалпы құны 971 млн теңгеден асатын күдіктілердің мүлкіне тыйым салды.
Қазақстанда жемқорлық тәуекелі жоғары салаларға дәстүрлі түрде мемлекеттік сатып алу жүйесі,құрылыс және жер қатынастары, білім беру және денсаулық сақтау салалары, құқық қорғау органдары кіреді. Себебі бұл салаларда қаржы айналымы жоғары және шешім қабылдау деңгейі орталықтандырылған болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа бейімділік артады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Мысалы, арнайы уәкілетті органдардың құрылды. Мемлекеттік қызметтердің көбісі цифрландыруға көшті, «ашық үкімет» қағидаларын енгізілді, декларациялау жүйесінің кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Сонда да жемқорлық деңгейі дес берер емес.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық