ҰҚК-ның 5-ші департаментінің басшысы аштық жариялады
Фото: Orda.kz
ҰҚК-ның 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов аштық жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Евгений Яворский өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.
«Қоғамға жариялағым келіп тұрған ақпарат: Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Серікұлы Көкшетау қаласындағы түрмеге түскеннен кейін, аштық жариялады. 28 қаңтардан 3 ақпанға дейін ол осылай отырды. Адамдар бұндайды жайдан-жай жарияламайды, бір себептері бар. Құзырлы органдардан Русланның не үшін бұндай қадам жасағанын анықтағанын сұраймын.Оны бұндай жағдайға не итермелегенін білу – біз үшін маңызды», – деді адвокат.
Айта кетейік, 27 қаңтар күні Руслан Ысқақов Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арманға) жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын қолдағаны үшін айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық