«Уақыт белдеуіне байланысты»: ШҚО-да жұмыс уақыты өзгереді
Фото: freepik.com
Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты еліміздің шығысында кейбір қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгереді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ОКҚ алаңындағы брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтты. Әкімнің сөзінше, бұл үкімет қабылдаған шешім екен.
«Тұрғындардың ой-пікірлерін біз тиісті министрліктере жеткіздік. «Осындай қиындықтар туып жатыр, соған қалай қарайсыздар, мұны қарастыру керек» дедік. Қазір бұл сұрақ Үкіметпен шешілген. Уақытымыз өзгертілген. Біз қазір облыс тұрғындарын бейімдеу процесін қалай жеңілдетуге болатынын, қалай жөнге келтіруге болатынын ойлауымыз керек. Мысалы, жұмыс уақытын өзгертуге, әлеуметтік мәселелерге, дүкендер, мектептердің жұмыс уақытын өзгертуге, әрине сағат сайын жүретін көлік тәртібін қарастыруға, жаңа уақытқа үйрету мәселелерін қарастырып отырмыз», – деді әкім.
Еске салайық, биыл 1 наурыздан бастап Қазақстан жаңа уақыт белдеуіне көшті. Бүкіл елде уақыт теңестірілді. Бірақ кей өңірдегі қазақстандықтар уақыттың өзгеруіне байланысты шағым айтып, петиция жариялады. Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтуді дұрыс санап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық