Бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы петицияға 37 мың адам қол қойды
Фото: Ашық дереккөзден
Билік петицияны назарға алуы үшін оны 50 мың адам қолдауы керек, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
22 сәуірде Epetition.kz платформасында Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін жою туралы петиция пайда болды. Авторлар бұрынғы уақытқа оралуға шақырады. Дәлелдердің бірі – электр энергиясын тұтынудың артуы.
«Өмірлік маңызды электр энергиясын тұтынудың орташа есепшоты 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 17 000 теңге болды. Болашаққа жобалайтын болсақ, уақыттың өзгеруі бұл шығындарды айтарлықтай арттырады, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде» делінген түсініктемеде.
Сауда және интеграция министрлігі заң бойынша талап етілетін 50 мың дауыс жинаған жағдайда петицияны қарауға уәде берді. Бұл туралы вице-министр Қайрат Төребаев айтты. Ал, ол күн де алыс емес сияқты. Сол күннен бастап 36 күн ішінде құжатқа 37 мың адам қол қойып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап біртұтас уақыт белдеуіне көшті. Бұл идеяның негізгі бастамашысы Сауда министрлігі. Шенеуніктер бұл шешімді жұмысты реттеумен, бүкіл ел бойынша біркелкі банктік сағат және ел тұрғындарының биоритмдерін жақсартумен негіздеді. Алайда, біртұтас уақыт енгізілгеннен кейін көп ұзамай әлеуметтік желіде халық, әсіресе шығыс облыстары мен Алматы тұрғындары жаппай шағымдана бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық