«Түрмедегі жұмбақ өлім»: Қылмыстық атқару комитеті Orda.kz сауалына жауап берді
Коллаж Orda.kz
Orda.kz редакциясы Өскемендегі №73 мекемеде жазасын өтеп жатып, жақында ғана өзіне қол салған Мерген Иманқұловқа қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне төрт сұрақпен ресми хат жолдады.
ҚАЖК төрт сауалға төрт сөйлеммен қысқа жауап қайтарды. Бұл жауап бұған дейін жіберген жауаптарына ұқсас.
Orda.kz бұған дейін марқұмның әйелі күйеуінің денесінен зорлық-зомбылық белгілерін көргенін жазған болатын. Ал комитеттің жауабында зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны туралы айтылған.
«Қазіргі уақытта бұл оқиғаның барлық мән-жайын тексеру бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, бұл процесс департамент басшылығының ерекше бақылауында. Тексеру аяқталғаннан кейін мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданады», деді ҚАЖК қысқа қайырып.
Марқұмның жұбайы Эльвира Иманқұлова Абай облысы мекемелерінде қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі маманданған прокурор Пичугин Константиннің, тергеу изоляторында істейтін Жарас Асылбековтің және Абай облысы прокурорларының үстінен арыз жазғанын айтты. Алайда оның арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жібергелі жатыр екен.
Orda.kz редакциясы бұл жағдайды өз назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
