«Алтынбек Сәрсенбаевтың ісі»: Өскемендегі сотталушы неге өз-өзіне қол салды?
Жақында Өскемендегі №72 мекемеде отырған сотталушы Мерген Иманқұлов өз-өзіне қол салды. Марқұмның әйелі Эльвира Иманқұлова мен адвокат Айман Омарова оны Виталий Мирошниковқа (Алтынбек Сәрсенбаевты ұрлады деп айыпталған адамға) қарсы куәлік ет деп қинап, қысым көрсетті деп отыр. Сондай-ақ басқа да прокурорлардың түрмедегі 11 азаматты азаптағаны жайлы айтты.
Orda.kz марқұмның әйелі қатысқан тікелей эфирді бастан-аяқ көріп, жәбірленуші тараптың айтқанын тыңдады.
Сондай-ақ марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың інісі Рысбек Сарсенбайға хабарласып, Виталий Мирошников жайлы сұрастырды.
Сотталушы неге өзіне қол салды?
Ең әуелі Мерген Иманқұловтың өзіне-өзі қол салғаны жайлы айта кетсек.
Мерген Иманқұлов жолдастары — Кенже Біржанов пен Азамат Тоқаевпен бірге 2019 жылы атақты бизнесмен Виталий Каркуланың үйіне ұрлыққа түседі. Каркуланы өлтіріп, әйелін ұрып, тонап кетеді. Осы істе Азмат Тоғаев өмір бойына бас бостандығынан айырылады да, Кенже Біржанов пен Мерген Иманқұлов 22 жылға бас бостандығынан айырылады.
Orda.kz бұған дейін өзіне-өзі қол салған сотталушы жайлы сұрап, ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іздестіру басқармасына хабарласқан болатын. Олар барлық мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жоспарланған. Мән-жайлар анықталып жатыр» деді комитет бұған дейінгі жауабында.
Жақында адвокат Айман Омарова instagram желісінде тікелей эфир ашып, марқұмның жары Эльвира Иманқұловамен осы мәселені талқылады. Марқұмның жұбайы Эльвира Иманқұлова Абай облысы мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі маманданған прокуроры Пичугин Константин Михайлович, тергеу изоляторында істейтін Жарас Асылбеков және Абай облысы прокурорларының үстінен арыз жазғанын айтты.
«Ол наурыз айында шартты түрде босап шығатынын айтты. Оның кәмелеттік жасқа толмаған 2 қызы бар. Өте балажан еді. Ол қалай өзіне қол салады?», — деді Эльвира Иманқұлова.
«Арқасы көгерген»
Оның сөзінше қылмыскердің соңғы күні камерасына Жарас Асылбеков есімді тергеу изоляторының қызметкері кіріп шыққаннан кейін марқұм Мерген Иманқұлов дереу жедел жәрдем шақыруды сұраған. Марқұмның әйелі қадағалаушы осы оқиғадан соң оған 15 минуттан кейін ғана барғанын айтты.
«Олар оның өлімін күтіп тұрғандай 15 минуттан кейін ғана барды», — дейді марқұмның әйелі.
Эльвира Иманқұлованың сөзінше, оның арызын антикорға жібермек болып жатыр.
«Мені «бұл арызды қабылдай алмаймыз» деген полиция қызметкерлері алаңдатады. Олар арызды антикорға жібереміз дейді. Антикордың мұнда қатысы қанша соны ұқпадым», — деді марқұмның әйелі.
Марқұмның әйелі күйеуінің денесінен көгерген жерлерді байқап қалғанын айтты.
«Содан Ертіс ауданының тергеу бөліміне бардым. Олар қағаздардың бәрін антикорға жібереміз деп жатыр екен. Маған тым болмаса соңғы хатын көрсетуін талап еттім. Ақыры олар компьютерден көрсетіп жатқанда мен марқұм күйеуімнің мәйітін көріп қалдым. Арқасының көгеріп қалғаны көрінді. Үлкен көкпеңбек көгерген жерлерін анық көріп, «мынау не?» деп сұрағанымда олар: «Адам асылғанда осындай көгерген жерлер пайда болады» деді. Адам асылғанда мойнында көгерген жерлер болуы мүмкін. Асылғаннан арқасы көгеріп қалмайды», — деді марқұмның әйелі.
«Жасырын камера»
«10 жыл бойы түрмеде отырды. Біз оны 10 жыл күттік. Ол бір-ақ күнде асылып қалатын болса, 10 жыл күтпес еді. Ол өте көңілді адам болатын. Балаларға да, маған да оралатынын айтатын», — деді Эльвира Иманқұлова.
Сондай-ақ Мерген Иманқұловты түрмедегілер қарсылық көрсеткенде тәртіпке келсін деп жалғыз қамайтын камераға жапқаны белгілі болды.
«Ол соның ішінде тұрып егер мен өлсем, өліміме айыптылар осылар деп қабырғаға қатты затпен сызып жазған», — деді Эльвира Иманқұлова.
Сондай-ақ марқұмның әйелімен кездесетін бөлмеге жасырын камера орнатып, бопсалағаны айтылды. Бұл бөлмеде түрмедегі адам мен жұбайының жақындасуы мүмкін. Сондықтан бұл заңбұзушылық екенін адвокат та айтып отыр.
Еске сала кетсек, Виталий Мирошников 2006 жылы оппозиция бағытындағы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты, оның жүргізушісі Василий Журавлевті және күзетшісі Бауыржан Байбосынды ұрлап, өлтіруге қатысы бар деп айыпталып, Алматы облыстық сотының үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол Арыстан арнайы жасағының бұрынғы жауынгері болған.
Қазіргі уақытта жазасының 18 жылын өтеп жатыр. Соңғы жеті жылда Мирошников Семейдің №2 сотына 7 рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап өтініш берген. Алайда одан сот бас тартты.
Orda.kz тілшісі марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы Рысбек Сәрсенбайға хабарласып, Виталий Мирошников жайлы сұрағанда, 2024 жылы да оның шартты түрде босап шығуына қарсы болғандарын айтты.
«Мирошников шартты түрде босап шығуға арыз жазған, біз келісім бермедік.18 жылын өтеп шықсын, өкінген опынған жоқ деп. Мирошниковтың тәртібі дұрыс деген сипаттама берген болатын, ол шартты түрде босап шығуға арыз жазған мекемесі. Ал Мирошниковқа қарсы куәлік жинау туралы, болмаса қысым жайлы естімедім», — деді Рысбек Сәрсенбай.
Orda.kz осы мәселелер бойынша Қылмыстық атқару қызметіндегі уәкілетті органдарға арнайы сауал жолдады.
Жаңалықтар
- Ақтауда қызыл кітапқа енген фламинголар өлі табылды
- Алимент төлемеген азаматтар құмар ойынын ойнап келген
- Есірткі тасымалдаған 2 кәсіпкер әйел 10 жылға сотталды
- «16-шы жеңіс»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутпен сұлатты
- Астанада 37 көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынған
- Алматыда ер адамның бөлшектенген денесі табылды
- Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
- Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
- Судьялардың IX съезі: Тоқаев ашық өткен Бишімбаев сотының пайдасын айтты
- «Шеге жұтқан»: Шымкенттегі сотталғандар наразылық танытып жатыр
- «Тоқаев өзі қарсы алды»: Астанада ТМД-ның арнаулы қызмет басшылары бас қосты
- Президент мопед жүргізушілеріне арналған заңға қол қойды
- Қазақстан $1,5 млрд еуробонд шығарды
- Ким Чен Ын ядролық қарумен қорқытты
- Иран Израильге жасаған шабуылынан кейін АҚШ-қа ескерту жасады
- «Қазақстанға қайтпа»: Жұрт желідегі әйелдің ұлына берген кеңесін қызу талқылап жатыр
- Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды
- Ғани Бейсембаев мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерді сынға алды
- «Астана» сербиялық «ТСЦ»-ны жеңді