Түркістанда «Шәмші әндері» фестивалі аншлагпен өтті
Фото: Түркістан әкімдігі
Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, «қазақ вальсінің королі», Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Фестивальдің негізгі мақсаты – композитордың бай музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау.
Іс-шараға Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. Фестиваль аясында Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылары Шәмші әндерін орындады. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, Melomen, «Сарын» және Turan Boys топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.
Шара барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы туындылары орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Фестиваль композитор мұрасын насихаттау, ұлттық мәдениетті дәріптеу және отандық эстрада өнеріндегі сабақтастықты дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ән фестивалі түркістандықтар мен қала қонақтарына ерекше шабыт пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көпшілік әншілермен бірге Шәмші әндерін қосыла айтып, композитор рухына тағзым етті.
Өңірде мәдениет пен туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2018 жылы облыс құрылғаннан бері 35 мәдениет үйі ашылды. Түркістанда тұрақты түрде республикалық және халықаралық деңгейдегі өнер кештері мен байқаулар өткізіліп келеді.
Соңғы сегіз жылда өңірге 2,5 млн турист келген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп (2018 ж. – 186,2 мың турист, 2025 ж. – 500 мың). Ал тарихи нысандарды бір күндік келушілер саны 10 миллионнан асты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық