Түркістанда 19 жастағы жігітке 14 рет пышақ сұққан әскери адамға іс қозғалды
Фото: Envanto
20 ақпанда Сарыағаштағы үйінен шыққан 19 жастағы Жасұлан атты жігіт сол күйі үйіне оралмады. Ата-анасы мен туыстары бүкіл қаланы шарлап іздеген. Араға екі күн салып, мал соңында жүрген шопан бір қырдан баласының жансыз денесін тауып алған. Марқұмның анасы айыпталушылардың сол өңірден екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Анасының сөзіне қарасақ, сол өңірдің жігіттері марқұмның атынан несие рәсімдеп, артынша өздерінен ақшаны беруді талап еткен марқұмды өлтіріп кеткен.
«Қаскөй сырттан келген жоқ. Олар – өз ауылымыздың жігіттері. Бірнеше ай бойы ұлымның атынан несие рәсімдеп, қарызды қайтармаған. Жасұлан қарызды қайтаруды талап еткенде, олар керісінше, одан құтылмақ болды. Ұлымызды адам аяғы баспайтын жерге апарып, 14 рет пышақ салған. Негізгі күдікті – әскери қызметкер», – дейді қара жамылған ана.
Қазір Сарыағаш аудандық сотында бұл қылмыстық іс қаралып жатыр.
Айыпталушылар орындығында – үш адам отыр. Соның бірі – ефрейтор (әскери адам). Оған «аса қатыгездікпен кісі өлтірді» деген ауыр айып тағылған. Қалған екеуі – оның жақындары, олар қылмысты жасыруға көмектесті деп айыпталды.
«Айыптау актісінде жазылған. Ефрейтор ұлымды қуып жүріп, пышақ сұққан. Алдымен ішінен ұрыпты. Жасұлан қашуға тырысқанымен, артынан қалмай, бірнеше рет пышақтаған. Сол кезде көлікте бірге болған жігіт бәрін көріп отырып, үндемей қалған. Ефрейтор оны да өлтіремін деп қорқытқан көрінеді. Енді сотта екеуі кінәні бір-біріне ысырып отыр. Үшінші күдікті – сол ефрейтордың сүйіктісі», – дейді Жасұланның анасы.
Жасұлан – төрт баланың кенжесі еді. 19 жастағы бозбаланың екінші топтағы мүгедектігі болған. Сегізінші сыныпта басындағы ісікті алдырған. Ауыр дерттен айығып, өз ісін ашуды армандаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық