Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкері ұсталды
Фото: freepik.com
Түркістан облысы Созақ ауданында криминалдық полиция қызметкері ұсталды. Оған жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дереккөздің мәліметінше, полицей жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшылық қару тапқан. Кейін оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге талап еткен. Полиция қызметкері ақшаны алып жасырынуға тырысты. Бірақ ҰҚК қызметкерлері оны қолға түсірді. Тінту кезінде, одан 190 мың теңге табылған.
Ұсталған азаматқа қатысты «пара алу» бабы бойынша тергеу басталды.
«Түркістан облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деп күдіктелген аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.
«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ПД тәртіптік комиссиясының шешімімен ұсталған адам ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Сондай-ақ, басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі», - деп хабарлады облыстық ПД.
Айта кетейік, Түркістанда құрдастары 9-сынып оқушысын моланың қасында сабап өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық