«Жүрегі жарылды»: Түркістанда құрдастары 9-сынып оқушысын моланың қасында сабап өлтірді
Фото: freepik.com
Түркістанда 9-сынып оқушысына құрдастары әлімжеттік көрсетіп, моланың басына апарып жүрек тұсынан жұдырықпен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.
9-сынып оқушысы Мейіржан Нұржанұлын кешке қарай достары үйінен шақырып алып кеткен. Артынша, баланың суыған денесі моланың басынан табылған.
Немересінен айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған Несіпгүл Тұтқабекова марқұмды аса қатты жауыздықпен өлтіргенін айтты.
«Бұлар балаларды жинап, шеттерінен ұрып шыққан. Екі соққыдан есептегенде 8 соққы жасаған. Менің інімнің жүрегінен ұра берген. Жүрегінен ұра берген соң сол жерде жүрегі тоқтап қалып, жарылып кеткен. Ұйқы безі езіліп, жарылып кеткен. Сол жерде тіл тартпай кеткен. Бұлар маған алдап: «талып қалды» деп айтып тұр. Мен тездетіп жетсем, 40 минут бұрын жүріп кеткен екен інім», – дейді марқұмның ағасы Бауыржан Нұржанұлы.
Марқұм Мейіржан үйіндегі үш баланың кенжесі. Әкесінен сәби кезінде айырылған бала мектепте озат оқушы болыпты. Тіпті ажалының алдында байқау жеңімпазы атанған.
«Әлімжеттік көрсеткен жігіттер: «Бүгін сағат пәлен уақытта 15 мың немесе 20 мың жинаңдар» дейді екен. Жағдай енді әр түрлі ғой. Біреуде бар, біреуде жоқ. Сол бір бала әкелмесе бәрін ұрып шығады екен. Осыдан 10 күн бұрын шай ішіп отырсақ мына жері көкпеңбек «жай, әшейін ұрып алдым» дейді. Менің баламды қорқытып жүргеніне 3-4 ай болыпты», – дейді Мейіржанның әжесі.
Марқұмның отбасы қаскөйлік әрекет жасаған жасөспірімдер жазасыз шығып кетеді деп қорқады. Сондықтан олар тергеудің әділ болғанын және күдіктілердің қамауға алынуын талап етіп отыр.
«Қылмыстық іс тіркелді. Сол себепті жаңа мәлімет тарата алмаймыз», – деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.
Мейіржанның жақындарының айтуынша, оған әлімжеттік көрсеткендердің барлығы әртүрлі мектепте оқиды. Тіпті олардың қатарында оның сыныптасы да бар. Ал білім ордасы бұл жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық