Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
Бейнежазбадан скриншот
Алматыдағы бүгінде камераларға шамадан тыс сенім артылып кеткен, алайда олардың әсері көбіне қарапайым азаматтарға ғана тиіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұрат Әбеновтің айтуынша айыппұл көлемі қарапайым халық үшін едәуір салмақ салғанымен, ауқатты азаматтарға бұл шараның ықпалы шамалы.
«Бай адамдарға айыппұл еш әсер етпейді. Айына миллион теңгеден төлейтіндерді көрдім. Көліктері 100-200 мың доллар тұрады. Олар «менде проездной» деп айтып, 1-2 млн айыппұл төлейді де, кете береді», — деді Әбенов.
Сонымен қатар заңнамадағы тағы бір өзекті мәселе ретінде стрит-рейсинг аталды. Бұл құбылыс шетелде әлдеқашан ұйымдасқан құқықбұзушылық ретінде танылған. Ұсынысқа сәйкес, қала ішінде көше жарысын ұйымдастырып немесе шектен тыс жылдамдықпен жүрген жүргізушілерге мас болып көлік басқарғандармен бірдей қатаң жаза қолдану қажет.
«Шетелде бұл бұрыннан бері бар, қала ішінде ұйымдастырылып келе жатқан қылмыс. Енді менің ұсынысым осындай адамдарды арақ ішкен адамдармен бірдей санап, жүргізуші куәлігінен айыруымыз керек. Қала ішінде жылдамдық 60 болса, ал жүргізуші 120-мен жүрсе, оны 7 жылға куәлігінен айыру керек және оны 15 тәулікке қамауымыз керек. Екінші рет қайталанса, өмір бойына жүргізу куәлігінен айыру керек және 50 тәулікке қамауымыз керек», —деді Әбенов.
Бұл бастама жолдағы жауапкершілікті арттырып, көше жарыстары мен қауіпті жүргізу әрекеттерінің алдын алуға бағытталған.
«Қылмыстық кодексте де 345-баппен жауапқа тартамыз. Қазір үш адамды өлтірсе, 10 жылға соттап жатырмыз. Бір адам қайтыс болса, 7 жылдан 10 жылға дейін. Егер екі адам қайтыс болса, 10 жылдан 15 жылға дейін. Бұл Германияда қасақана жасалған қылмыс деп саналады екен. Бұл елде екі адам бала қаққан, ол өмір бойына қамауға алынған. Біз де осындай заңға өзгеріс енгізуіміз керек. Сессия біткенше үлгерсек, ІІМ-де, Бас прокуратура да бұл ұсынысымызды қолдайды», — деді Әбенов
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық