Түркістан облысында экс-келінін ұрған ер адам сотталды
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысында тойханада бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Төле би аудандық сотында «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталған азаматтың ісі қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 31 тамызы күні шамамен 21:23-те ер адам «Зағамбар» мейрамханасында өткен тойда ән айтып тұрған экс-келінін ұрған. Келіншектің мойнында, білегінде және кеуде тұсында көгерген жарақаттар анықталды.
Сот-медициналық сараптама бұл жарақаттардың денсаулыққа зиян келтірмейтін, жеңіл деңгейдегі зақым екенін көрсетті.
Прокурор айыпталушыға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де осы талапты қолдап, 700 мың теңге материалдық және 10 миллион теңге моральдық шығын өндіруді талап етті.
Сот ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеу, 800 мың теңге моральдық шығын төлеу және 700 мың теңге өкілдік шығындарды өтеу жөнінде үкім шығарды.
Айта кетейік, ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық