Түркістан филармониясындағы харрасмент жайлы дау: Әнші басшысымен татуласты
Фото: Бейнеден кадр
Бұған дейін бірнеше республикалық және халықаралық терме-ән байқауларының лауреаты, әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көрген қысымы туралы айтқан еді. Ол филармония басшысы Ғалымжан Ерназаровтың харрасмент жасағанын ашық баяндап берген болатын. Бір күн өте сала, яғни бүгін екеуі татуласқанын, бір-бірінен кешірім сұрағандарын айтып, бірге бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Наркенже Серікбаева әуелі өзін қолдағандарға алғысын айтты.
«Армысыздар, құрметті қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Біз бүгін мекемеге келдік, әкімшіліктен арнайы комиссия құрылып, Ғалымжан мырза екеуміз түсіністік. Кешірім сұрастық. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет!», – деді әнші.
Ал басшысы ешқандай дау-дамайды ушықтырудың қажеті жоқ екенін,
«Кешелі бері резонанс тудырып жатқан іс үшін жалпы кешірім сұраймыз. Әрбір үйдің мәселесі үйдің ішінде қалғаны дұрыс еді. Жалпы елге тарап кеткен соң облыстан комиссия келді. Комиссия екі тарапты да тыңдады. Талап-тарымызды қарады. Ешқандай бір-бірімізге қоятын ештеңе жоқ. Екі жақтан да келістік. Ешқандай дау-дамайды ушықтырып қажеті жоқ», – деді Ғалымжан Ерназаров.
Еске сала кетсек, әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров қысым түсірді әрі харрасмент жасады деп мәлімдеген еді. Ғалымжан Ерназаров сотқа шағымданғанын айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық