«Сені иіскеуім керек»: Әнші өзіне филармония басшысы харассмент жасағанын айтты
Коллаж: Orda.kz
Бірнеше республикалық және халықаралық терме-ән байқауларының лауреаты, танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көрген қысымы туралы айтты. Оның айтуынша, филармония басшылығы өзін қолжаулық еткісі келіп, көнбегені үшін түрлі қысым көрсетіп, өнерден шеттетуге тырысқан. Бұған филармония басшысы Ғалымжан Ерназаров та жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әнші Наркенже Серікбаева өзіне филармония басшысы харассмент жасағанын айтты.
«Менде шындық көп... Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғалымжан мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болсын айтайын, «менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филорманияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті», – деді әнші.
Басшылық өз қызметін асыра пайдаланып, жеке шекарадан өтеді деген Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желідегі жазбасынан кейінен филармония директоры Ғалымжан Ерназаров мәлімдеме жасады.
«Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз. Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді», – деді Ғалымжан Ерназаров.
Ғалымжан Ерназаров Наркенженің оның кәсіби біліктілігіне қатысты айтқанына былай үн қатты:
«Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – деді директор.
Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы – 1998 жылы 12 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Науаи облысы, Зарафшан ауданы, Мурунтау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылына қоныс аударған. 2016 жылы Көктау ауылындағы Нұрлы-көш орта мектебін бітіріп, 2020 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады. Мемлекеттік қызметтегі өтілі 2 жылдан астам. 2022-2023 жылдар аралығында «Бөгетсай ауылдық округінің әкімнін аппараты» ММ-нің бас маманы, 2023-2024 жылдар аралығында «Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы болып қызмет еткен. Қазір Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының басшысы.
Наркенже Серікбаева – 1983 жылы Өзбекстанның Бұқара облысына қарасты Газли ауылында дүниеге келген. Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде театр мамандығы бойынша білім алған. Ол республикалық және халықаралық жыр-терме байқауларында бірнеше мәрте жүлделі орын алған.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты