Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
Фото: qazaqadebieti.kz
Омбы қаласының орталығындағы скверге Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды. Соңғы шешімді қалалық кеңес 15 шілдеде қабылдайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл орыннның таңдалғанының өзінің символдық мәні бар. Гүлзар алаңы 1945 жылдың қысында ауыр жараланған сержант Кемел Тоқаев эвакуацияланған госпитальдің жанында орналасқан.
Майдангер жарылғыш оқтан жарақат алып, аяғынан айырылып қалуы мүмкін еді, алайда дәрігерлер оның аяғын кесуден аман сақтап қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалап, Отанына бейбіт күнде де еңбегін сіңірді.
Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратына Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылған. Ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың құрметіне арналған мемориалдық тақта Омбыда жарқырап тұр.
Оның таныстырылымы сол жылы 9 мамырға жоспарланған еді, алайда пандемияға байланысты іс-шара кейінге шегерілді. Салтанатты ашылу кейінненн Қазақстан президентінің әкесінің туғанына 97 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Мемориалдық тақта Кемел Тоқаев ауыр жарақаттан кейін емделген соғыс ардагерлері госпиталінің қасбетіне орнатылған.
2025 жылы Ресейдің қорғаныс министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты құпия құжатты жариялады. Құжатта оның 1945 жылдың қаңтарында Польшада көрсеткен ерлігі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталғаны жазылған.
Онда Тоқаевтың жау орналасқан жерге бірінші болып кіріп, бесеуінің көзін жойып, біреуін тұтқынға алғаны баяндалады. Оқиға 1945 жылдың 21 қаңтарында болған. Жараланған Кемел Тоқаевты әлемге танымал хирург болған жас дәрігер Гавриил Иллизаров аман алып қалған. Марапаттау қағазына гвардия подполковнигі Афанасий Поваровтың қолы қойылған.
Айта кетейік, былтыр қаңтар айында Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты аудиокітабы шықты.
Сонымен қатар, былтыр Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына қазақ жазушысы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев Фрунзе жаяу әскер училищесінде оқыған. Ал ол оқу орны сол жылдары қазіргі №33 мектептің ғимаратында орналасқан. Дәл осы жерден ол майданға шақырылған», деп хабарлады қырғыз билігі.
2025 жылы Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі - гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапат қағазын тапсырды.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады. Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.
Алайда бұл атақты ҚР президентінің әкесі көзі тірісінде ала алған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық