«Твиттердегі қанішер»: тоғыз адамның өмірін қиған маньяк өлім жазасына кесілді
Фото: Elements.envato.com
Жапонияда тоғыз адамды өлтірген Такахиро Шираиши өлім жазасына кесіліп, үкім орындалды. Бұл елдегі соңғы үш жылда алғаш рет жүзеге асқан өлім жазасы. Ол құрбандарын Twitter арқылы тауып, пәтерінде тұншықтырып өлтіріп, денелерін бөлшектеп жасырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters агенттігінің дерегінше, Шираиши құрбандарын Twitter арқылы тауып, оларды пәтеріне шақырып, тұншықтырып өлтірген. Кейін мәйіттерін бөлшектеп, жасырып отырған. Құрбандардың сегізі — әйел, біреуі — ер адам. Осы әрекеті үшін ол «Твиттердегі қанішер» деген лақап атқа ие болған.
Жапонияның әділет министрі Кэисукэ Сузуки бұл үкімді бекітіп, «сот шешімі жасалған аса ауыр қылмыстарға толық сәйкес келеді» деді. Дегенмен «елде мұндай қатыгездікке толы қылмыстар жалғасып жатқан кезде өлім жазасынан бас тарту әлі ерте», деп мойындады министр.
Бұл үкім — Жапонияда 2022 жылдан бері алғаш рет орындалған өлім жазасы. Елде аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Үкімнің нақты күні сотталғандарға алдын ала хабарланбайды: олар жаза орындалатынын небәрі бірнеше сағат бұрын ғана біледі.
Қазір Жапонияда өлім жазасына кесілген 105 адам бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Индонезияда екі қазақстандық азамат ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына тартылуы мүмкін екенін хабарладық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық