Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
ЖИ жасаған иллюстрация
Түркістан қаласының тұрғыны Павлодарда жаңа туған қызын заңсыз сатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеп.
«Павлодар қаласының прокуратурасы жаңа туған баланы заңсыз сату фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. (...) Павлодар қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы негізінде тағайындалған жазаны орындау бес жыл мерзімге кейінге қалдырылды»деп жазылған хабарламада.
Іс материалдарына сәйкес, 2002 жылы туған, Түркістан қаласында тұратын әйел материалдық қиындықтарға тап болған. Ол жүктілік кезінде болашақ баласын ақшаға беруді шешкен.
Сатып алушы іздеу мақсатында ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «бала асырап алғым келеді» қауымдастығына хабарландыру орналастырған. Тергеу барысында анықталғандай, кейін ол жаңа туған қызын 800 мың теңгеге беруге келіскен.
2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында қыз баланы дүниеге әкелген.
«Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында қылмыстық әрекет құжатталды. Жедел іс-шара аясында әрекет еткен сатып алушыға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша берілді. 2026 жылғы 31 наурызда Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған баланы медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға беріп, 100 мың теңге көлемінде сыйақы алған», деп атап өтті Бас прокуратура.
Біз біз аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын көктемде жазған едік. Күдікті сол кезде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сәби ол кезде-ақ дәрігерлердің бақылауына алынған, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жүктіліктің соңғы кезеңінде-ақ әлеуметтік желілер арқылы әдейі сатып алушыларды іздеген. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері оны анықтап, қылмыстық ниетін құжаттап, бақылау арқылы ұстаған болатын.
Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.
Еске салсақ, сәуірде Қазақстандық әйел Қырғызстаннан балаларды порнография мен діни жоралар үшін сатып алғаны белгілі болды. Осы іске қатысты Қырғызстанда бала саудасы бойынша үкім шықты. Айыпталушылардың арасында Қазақстан азаматы да болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады
- Лифтідегі төбелес «пранк» болып шықты: Қызылорда тұрғыны айыппұл арқалады
- Күн сайын 5 адам көз жұмады: Қазақстанда өкпе обырына қарсы жаңа скрининг басталады
- АҚШ өтініш жасады: Украина Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуылын тоқтатты
- 41 ел біріккен мәлімдеме жасады: Зымыран ұшырмас бұрын 24 сағат бұрын ескерту талап етілді
- Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Күйеуін өлтірген әйелдің оқиғасы туралы жаңа деректер шықты
- Баспана кезегін сату ісі: «Отбасы банк» басшысы жағдайды түсіндірді
- Туған анасына пышақ салды деген күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды
- Құрылтай сайлауы: Алғашқы командалық теледебат тікелей эфирде көрсетіледі
- Елімізде жаңа eGov іске қосылды: Бұрынғыдан қандай айырмашылығы бар?