Туған анасына пышақ салды деген күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы Вьетнамнан экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемімен іске асты.
Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде ішімдікке мас болып, анасымен сөзге келіп, жанжалдан кейін ол кісіге пышақпен бірнеше рет соққы жасады деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасы аумағында жүргені анықталып, ол маусым айында Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыс бойынша үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық