Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?
ЖИ жасаған иллюстрация
Биыл магистратураға түсу үшін тестілеуден шамамен 58 мың талапкер өтті. Ең жоғары нәтиже – 139 балл. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейіндік бағытта – 24 балл болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство мәліметінше, тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 94 талапкердің нәтижесі жойылған. Оның ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасаған 69 адам емтиханға жіберілмеген. Ал тестілеу кезінде ереже бұзған 25 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды.
Биыл магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытына өту шегі – 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша – 30 балл.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәліктің көшірмесін, жоғары білім туралы құжат, яғни диплом мен оның қосымшасын, тестілеу сертификатын, бар болса, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тапсыруы қажет.
Өтініш берген кезде талапкер бір білім беру бағдарламала тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады.
Грант конкурсына құжат қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал магистратураға қабылдау рәсімі 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Біз бұған дейін Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі кей жағдайларда 120 балл да жеткіліксіз болып, ал 100 баллмен тегін оқуға түсу мүмкін екенін түсіндіргенін жаздық. ҰБТ-дан шекті балл алған түлектер енді әр оқу орнындағы мамандықтар бойынша конкурстан өтіп, таңдаған мамандықтары бойынша грант бөлінісін түсінбей жатқан көрінеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық