«Трамп сыйлықтан қағылды»: Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды
Фото: rg.ru
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы венесуэлалық оппозиция жетекшісі, бұрынғы депутат Мария Корина Мачадоға берілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мария Корина Мачадо — Чавес пен Мадуро режимдеріне қарсы тұрғаннан соң танымал болған оппозиция көшбасшысы және өнеркәсіп инженері. Оған сыйлық «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын қорғау және диктатурадан демократияға бейбіт көшу жолындағы күресі мен тынымсыз еңбегі үшін» берілді. Ол 2011-2014 жылдары Ұлттық Ассамблеяның депутаты болды. Ал 2023 жылғы президенттік сайлауға қатысудан шеттетілді. Мария Корина Мачадо қаншама қысымға ұшыраса да, демократия үшін күресін тоқтатпады.
Дональд Трамптың өзі осы жылдың қаңтар айында Мария Корина Мачадоға арнап жазба жариялады.
«Венесуэлалық құқық қорғаушы Мария Корина Мачадо мен сайланған президент Гонсалес режимге наразылық білдірген жүздеген мың адамды көшеге шығарып, Венесуэла халқының еркі мен дауысын бейбіт түрде жеткізді. АҚШ-тағы ұлы Венесуэла — америкалық қауымдастық еркін Венесуэланы қолдайды. Сонымен қатар, маған да қолдау көрсетті. Бостандық үшін күрескендер зардап шекпеуі керек. Олар қауіпсіздікте болуы керек және аман қалуға міндетті!» деп жазды Трамп.
Айта кетейік, тамыз айында Ақ үй ресми түрде Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынған еді. Трамптың кандидатурасын қолдаған елдер: Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брайс Олиги Нгема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда СІМ басшысы Оливье Ндухунгирехе.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық