Трамп Қазақстаннан баратын тауарға 25% баж салығын енгізді
Фото: Reuters
Трамп Қазақстаннан баратын импорттық тауарға 1 тамыздан бастап 25% көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хат жолдады.
«2025 жылдың 1 тамызынан бастап біз қолданыстағы салалық тарифтерден басқа, АҚШ-қа келіп түсетін барлық қазақстандық тауарларға 25% мөлшерінде тариф енгіземіз», — деп жазылған хатта.


Сонымен қатар АҚШ президенті Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Лаос, Оңтүстік Африка және Мьянма басшыларына да жаңа тариф енгізілгенін хабарлады.
Трамп хатында егер Қазақстан Америкада өндіріс орындарын ашса, бұл тарифтер қолданыстан шығуы мүмкін деген ұсыныс білдірген.
Айта кетейік, 2 сәуірде Ақ үй басшысы сауда серіктестеріне қарсы ауқымды кедендік баждар енгізілгенін хабарлады. Ол кезде Қазақстанға 27% салық салынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық