«Топтасып өлтірген жоқ, бұзақылық деді»: Шерзат ісіндегі шешуші өзгерісті Қаржаубай сот алдында білді
Коллжа: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты үкім шықты. Алайда қоғамдағы ең өзекті сұрақ жауапсыз қалды. Қаржаубай Нұрымов осы үнсіздікті жойып, ашық мәлімдеме жасауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол журналист Руслан Өтепбайдың YouTube-арнасына берген сұхбатында бұрынғы адвокаттарға не себепті сенбегенін, Айтбек Амангелдімен неге араны үзгенін және «төбелеске өзі итермеледі» деген айыптарға нақты жауап берді. Сонымен қатар, істің «топтасып кісі өлтіру» емес, «бұзақылық» бабымен қаралып жатқанын сотқа небары 10 күн қалғанда естігенін ашық айтты.
Нұрымовтың айтуынша, Айтбек Амангелдіні іске оның достары тартқан. Шерзат қайтыс болған соң, отбасы қаржылай қиындыққа тап болған. Дүкен мен ет сататын кәсібі тоқтап қалып, достары халықтан қаржылай көмек жинап, адвокат жалдауды ұсынған. Сол кезде Айтбек хабарласып, іске араласқан.
«Басында іске Айтбек келгенде «қайғысы бар азамат қой, мені түсінер» деп ойладым. Алайда іс барысында арамызда көптеген түсініспеушіліктер пайда болды. Сот аяқталған соң, Айтбекті жақсы не жаман деу артық шығар. Не болса да, кімнің не істегенін Құдай көріп тұр деп шештім. Бірақ о баста-ақ мен Талғарда тұратын туыс адвокаттарым мен Мейірман Шекеевті іске қосуды ұсынғанмын. Айтбек өз тобына сырттан ешкімді қоспай, барлығына «жоқ» деп айтқызып отырды», – деді Қаржаубай Нұрымов.
Оның айтуынша, Айтбек Амангелдінің адвокаттары Шерзаттың әкесіне тергеу материалдарын көрсетпеген. Ол іс «топтасып кісі өлтіру» бабымен емес, «бұзақылық» ретінде қаралып жатқанын сотқа 10 күн қалғанда ғана білген.
«Шындығын айтайын, істің қалай қаралатынын мен тек Мейірман ағадан естідім, яғни, сотқа 10 күн қалғанда. Тағы бір айтарым, мен тек Айтбектен ғана бас тарттым, адвокаттардан емес. Айтбекпен жұмыс істемейтінімді айтқан соң, қорғаушылар да істен бас тартты. Содан кейін маған сенімхатты қайтарып алуға тура келді. Білмеймін, мүмкін Айтбек сол том-том істі ешбір адвокат аз уақытта алып кете алмайтынына сенімді болған шығар. Бірақ мен Мейірман ағаға хабарласып, сөйлесіп, істі соған аманат етіп тапсырдым», – деді ол.
Айта кетейік, басында күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалған. Кейіннен іс 293-бапқа («Бұзақылық») ауыстырылған. Шекеевтің айтуынша, дәл сол кезде адвокаттар бұл шешімге қарсы шағым түсіруі тиіс еді. Алайда олар еш әрекет жасамаған. Ал Қаржаубай Нұрымовқа бұл өзгеріс туралы мүлде айтылмаған.
Еске салсақ, Қаржаубай Нұрымов бұл жайлы тек 2025 жылдың наурызда ғана хабардар болған. Ал Айтбек Амангелдінің қорғаушылар тобы істің «бұзақылық» бабы бойынша сараланып жатқанын және Шерзаттың өлімі үшін тек бір адамға айып тағылғанын 2024 жылдың қазан-қараша айларында білгенін және Қаржаубай Нұрымов хабардар болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық