Төменгі сыныптың баласын ұрып, зорлаған: кінәлілер жазадан жалтарып отыр
Жасанды интеллект
2021 жылы Ақтөбе қаласында 1-сынып оқушысын 9-сынып оқушылары соққыға жығып, зорлаған. Алайда 6 жасар бейкүнә бүлдіршінге осындай қиянат жасаған томардай жасөспірімдер әлі де бостандықта жүр. Баланың әжесі әділдік сұрап, конференция өткізген болатын. Orda.kz тілшісі сол конференцияға қатысып, оқиғаның мән-жайын баяндап береді.
Бүлдіршіннің әжесі не дейді?
Оқиға 2021 жылдың наурыз айында болған. Мектептің дәретханасында айыптаушының немересін ұрғылап соққыға жыққан, кейін оны зорлаған.
«Бұл жағдай мұғалімдердің де құлағына жеткен. Алайда олар бұның бәрін біле тұра үнсіз болды. Ешкім менің немеремді қорғамады да. Бұл қылмысты неге мектеп мұғалімдері жасырды? Мен осымен 4 жыл қатарынан әділдік үшін күресіп келемін», – деді бүлдіршіннің әжесі Айгүл (есімі өзгертілген) көзіне жас алып.
Сондай-ақ, Айгүл бұл оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, оның немересі қылмыстық зерттеуден өткенін айтты. Экспертиза нәтижесі бойынша, зорлау бар екені дәлелденген және оның денесінде көгерген іздер бар. Қылмыстық іс бойынша барлық айғақтар, тіпті Ақтөбе облысының полиция департаменті де бұл қылмысты дәлелдеген. Ал бала болса ауруханаға жатып ем алды. Айгүлдің сөзінше, бұл жағдайға тіпті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі – Раиса Шер де араласқан. Ол балаға психологиялық тұрғыдан көмек берді. Бала 5 ай бойы психологқа барып жүрді.

Олар әр экспертизаның жауабын кемі 4-5 ай бойы күтіп жүрген. Алғашқы экспертизаны бала 2022 жылдың маусым айында өткен. Проктологтың жүргізген зерттеу жұмыстары оңынан болмаған, яғни балада «проктит» бар екені анықталған.
«Мен Бас прокуратураға барғанда, мұғалімдерге басқа қылмыстық іс қозғанын білдім. Олар қылмысты жасыру және баланы қауіпке қалдыру фактілері бойынша қозғаған. Біздің бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Бас прокуратурадан бастап, Президент Әкімшілігіне дейін бардық. Тіпті біз сол кездегі Білім және ғылым вице-министрі – Ғани Бисембаевқа дейін шықтық».
Амалдың жоқтығынан Айгүл бала құқықтары жөніндегі уәкіл – Динара Зәкиеваның көмегіне жүгінген. Зәкиева тергеу сотына екі рет шағым жазған. Алайда мұғалімдерге сонда да ешқандай іс бастамаған. Айгүлге Білім министрінен тек мектеп басшысын жұмыстан шығарып жіберген туралы хат келген.
Прокуратура істі жауып тастағысы келді
Ақтөбе облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Төлеуова Нұржамила оқиға туралы толық білмейтінін тілге тиек ете отырып, бұл жерде толық ақпарат берілмей тұрғанын айтты. Қылмыстық іс бойынша айыптаушының өкілі, заңгер Ғабит Өмірбеков осы іс бойынша 20-30 шақты шағым түсіргенін айтты.
«Осы қылмыстық іс бойынша, мен шамамен 20-30 шақты шағым түсірдім. Облыстық прокуратура осы іске мүдделі болды және олар бұл істі тоқтату туралы прокурорлар бұйрық берді. Қылмыстық іс материалында 120-нөмірдегі экспертиза бар. Сол экспертизада тоқішекте жара бар екені жазылған. Барлығы айдан анық көрсетілген», – деді Ғабит.
Ғабиттің сөзінше, олар лицензиясы жоқ клиникаға барып, қорытындыға жай ғана балада іш қату болғандықтан, оның тоқішегінде жара пайда болды деп жаздыртқан. Сондай-ақ, бұл іс бойынша жұмыс кезінде Ғабиттің өзінде мәселелер туындаған. Оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 20 күн қамап тастағысы да келген. Ғабиттің үстінен Ақтөбе облыстық департаментіне шағым түскен.
«Менің үстімнен Ақтөбе облыстық департаментіне арыз түсті. Әрине, менің үстімнен болған соң, ол жақтaғылар арызды бірден оқиды. Ал арызға келер болсақ, мен өз сөзімде барлық дүниені өз көзімен көрген мұғалімнің атын айтып қойған екенмін. Ол баланың жыныстық жерін сүртіп, ештеңе де істемеген. Мен өз-өзімді қорғай алдым. Бірақ мені айыптаушы тараптың өкілінен алып тастады. Олардың айтуы бойынша мен адвокат емеспін, жай ғана заң кеңесшісімін. Сөйтіп олар маған жұмыс істеуге кедергі жасады», – деді Ғабит.
Бишімбаев сотындағы эксперт болған Тахир Халимназаров не деді?
Бұдан кейін Ғабит мәселені қоя салмай, Астарлы ақиқатқа дейін барған. Аталмыш телебағдарламада Бишімбаев сотында эксперт болған Тахир Халимназаров болып, ол Ғабитке 100% зорлау болғанын айтқан.
«Ол жеке өзі экспертизаның қорытындысын зерттеп, маған 100% зорлау фактісі болғанын, тіпті бұны бағдарламада да айтты».
Ғабиттің айтуынша, қылмыстық істі тоқтатқан болатын. Ал одан кейін қайта қолға алды ма, алмады ма ол әзірге белгісіз. Сот кезінде судья қылмыстық істің тоқтауына қарсы, айыпталушы тараптың өкілдеріне көптеген ескерту береді.
Келесі кезекте істі қайта қолға алу мақсатында, Ғабит ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 105-бабы «заңсыз қылмыстық істі тоқтату» фактісі бойынша Ақтөбе облысының прокурорына шағымдануды жоспарлап отыр.
«Егер олар біздің шағымызды қабылдамайтын болса 106-бап бойынша тағы да шағымданатын боламыз. Біз бұл тұста бала құқықтары жөніндегі уәкілсіз өте алмайтынымыз анық. Егер олар қосылатын болса, онда бұл процесс жүретін болады. Әрине, бізге қарсы шығып отырған адамдар бұндайдан қорқады, қайткенмен де олардың барлығы Президент Әкімшілігіне бағынатын адамдар. Мен заңгер ретінде қолымнан келгеннің бәрін жасаймын»
Сөз соңында заңгер бұл істе Ақтөбе облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілінің ауадай қажет екенін тағы да ескерте кетті.
«Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды» демекші, бұндай адамның ойына кіріп-шықпайтын оқиғада БАҚ өкілдері де қолынан келгенін бәрін жасайды. Ал қылмыстық іс қайта қолға алына ма, алынбай ма, әзірге беймәлім. Orda.kz редакциясы оқиғаны өз бақылауында ұстайды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектеп оқушылары түтіннен уланып, ауруханаға түсті
- Ақтөбеде облысында жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті
- Белгілі мұнайшы Есен Тасқынбаев 94 жасында дүние салды
- Қырғыз президентінің саяси серіктесі Ташиев бүкіл қызметінен босатылды
- Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың жаһандық индексінде төменгі орында тұр
- Қазақстан суперпрезиденттік басқару үлгісінен түбегейлі бас тартады – Тоқаев
- Тоқаев: Бюджет қаражатын игере алмай отырсыздар
- Павлодарда мектеп комиссиясы мемлекеттік рәміздерді өртеген бейнежазба тарады
- Президент жеке цифрлық деректерді қорғау қажеттігін мәлімдеді
- Тоқаев Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігін қатты сынға алды
- Президент құзырлы орындар шешімді созбалаңға салатынын сынады
- Тоқаев Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығын жоюды талап етті
- Тоқаев үкімет отырысында Назарбаевты тілге тиек етті
- Тоқаев жаңа мемлекеттік басқару жүйесін құру туралы айтты
- Тоқаев қазақстандық IT-жобалар көрсеткішіне күмән келтірді
- Бакуде ресторанды өртеп, келген қонақтарды ғимарат ішіне қамап қойған
- Астанада сталкерге үкім шықты
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
- Шымкентте пәтерлердің бірінен 3 адамның денесі табылды
- «Ұруға рұқсат берілді»: Тәліптер Ауғанстандағы әйелдердің құқығын тағы шектеді