Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Қазақ халқы ежелден «әйел көркі – шаш, шаштың көркі – шолпы» деп бағалаған. Әр бойжеткеннің ажары ең алдымен шашына қарап танылған. Сол себепті қыз баланың шашы тек сыртқы сұлулықтың емес, тәрбиенің, ұқыптылықтың, тіпті отбасы мәдениетінің көрсеткіші саналған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Егізбаева Меруерт Қарпыққызы Orda.kz тілшісіне қазақ қыздарының шаш әшекейлерінің мәні мен маңызы туралы кеңінен айтып берді.
Меруерт Егізбаеваның айтуынша, ата-аналар қыздарына арналған шашқа тағылатын, жалғанатын, тарайтын және сән беретін әшекей бұйымдарды арнайы зергерлерге тапсырыспен жасатқан. Бұл тек сән үшін емес, тәрбиелік мәні бар дәстүрдің бір бөлігі болған.
«Қыз баланың шашын тарау үшін сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылған. Мұның өзі табиғилық пен ұқыптылықтың белгісі саналған. Шашқа тағылатын әшекейлердің бірі – шашбау. Атауының өзі «шаштың бауы» деген мағынаны білдіреді. Оның ең қарапайым түрі матадан тігілсе, күрделі нұсқаларына күміс, алтын теңгелер, тиындар мен маржандар тағылған. Шашбау өрілген бұрымның ұшын бекітіп, шаштың көркін ашатын негізгі сәндік бұйым болған», – деді Меруерт Егізбаев.
Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Егізбаева Меруерт Қарпыққызы шолпының түрлеріне тоқталып кетті. Шашбаудың да бірнеше түрі бар: алтын шашбау, күміс шашбау, тілла шашбау, сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау және асыл тастармен көмкерілген шашбаутас.
«Шолпы: қыз тәрбиесінің үнсіз тілі. Шаш әшекейлерінің ішіндегі ең көркем әрі ерекше түрі – шолпы. Оны көбіне жас қыздар мен келіншектер таққан. Ал жасы үлкен әйелдер оның қарапайым түрлерін пайдаланған. Шолпы жасалуына қарай әртүрлі аталады: үзбелі, көзді, қозалы, шынжырлы, қос үзбелі, маржанды, меруертті, ақықты шолпы. Көп жағдайда ол бір-біріне шынжыр арқылы жалғанған теңгелерден тұрады», – деді Меруерт.
Қазақ халқының танымында шолпы тек сән емес. Халық арасында шолпы таққан қыздың шашы ұзын, қалың әрі берік өседі деген сенім болған. Сонымен қатар ол бас ауруының алдын алады деп есептелген.
«Бірақ шолпының ең маңызды қызметі – тәрбие. Қыз бала жүрген сайын шолпы сыңғырлап, оның жүріс-тұрысын реттеп отырған. Мұндай әшекей таққан қыз жүгіріп, бей-берекет қозғала алмайды. Соның нәтижесінде қыз бойында байсалдылық, нәзіктік пен ұқыптылық қалыптасқан. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді, себебі күмістің сыңғыры оны «білдіріп» қояды», — дейді ғалым.
Сондықтан қазақта қыздарға «Шашбаулым», «Шаштеңгелім», «Сырғалым» деп еркелетіп ат қою да жай емес, оның астарында мәдени мән жатыр.
«Шолпының бір түрі – шаштеңге. Ол күміс немесе алтын теңгелерден тізіліп жасалады. Шаштеңге де бұрымның ұшына немесе шашбауға байланады. Ал шашқап – шашты қорғайтын әрі сән беретін бұйым. Ол барқыт сияқты матадан тігіліп, ою-өрнекпен әшекейленеді. Ұзындығы желкеден белге дейін жетіп, шашты шаң-тозаңнан қорғайды», — деді тарихшы этограф.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шолпыны «сиырдың құлағына тағатын қоңыраумен» салыстыратын пікірлер де айтылып жүр. Бұл пікірге қатысты Меруерт Егізбаева:
«Мұндай пікір айтатын адамдар қазақтың дәстүрлі мәдениетінен мүлде хабары жоқ деп ойлаймын», — деді.
Ғалымның айтуынша, шолпы мен шаш әшекейлері — жай ғана сәндік элемент емес. Бұл — қазақ қоғамындағы тәрбие құралы, эстетика мен әдептің, әйел болмысының ажырамас бөлігі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық